Хмельницкий облысы (1954 жылға дейін Каменец-Подольский облысы) — Украина құрамындағы әкімшілік бөлік. 1937 жылы 22 қыркүйекте құрылған. Жері 20,6 мың км квадрат. Халқы 1963 мың (1977). 20 ауданға бөлінеді. 11 қаласы, 24 қала типтес поселкесі бар. Орталығы – Хмельницкий қаласы.

Thumb
Хмельницкий облысының таңбасы
Thumb
Хмельницкий облысының туы

Табиғаты

Волынь-Подоль қыратының шегінде орналасқан. Жері өзен аңғарларымен, сай, жыралармен тілімделген. Пайдалы қазындылары – гипс, гранит, фосфорит, шымтезек. Климтаты қоңыржай континенттік. Қаңтардың орташа температурасы – 5,4 шілдеде 19,2 градус. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 550 – 600 мм. Басты өзені – Днестр. Жері қара және сұр күлгін топырақты. Облыстың көпшілік бөлігі орманды дала зонасында жатыр. Территориясының 12%-і орман.

Халқы

Тұрғындарының негізі украиндар; орыстар, поляктар да тұрады. Орташа тығыздығы 1 км квадрат – ге 77,9 адамнан. Қала халқы 30%. Ірі қалалары – Хмельницкий, Каменец-Подольский, Шепетовка, Славута.

Шаруашылығы

Өнеркәсібінің басты салалары – тамақ, жеңіл, мәшина жасау және металл өңдеу. Ірі кәсіпорындары – қант зауыттары (Хмельницкий, Каменец-Подольский, Шепетовка қалаларында), көкөніс консервілеу зауыды (Каменец-Подольский), ет комбинаты (Хмельницкий), шұға (Славута), мақта-мата (Каменец – Подольский), трикотаж (Хмельницкий) фабрикалары, трансформаталық қосалқы станциялар, «Трактородеталь» зауыттары (Хмельницкий), кабель, электромеханика, «Автозапчасть» заводтары (Каменец-Подольский). Облыста 1973 жылы 523 колхоз және 2 совхоз болды. Егісі (1972 жылы мыңға) 1401,3 бұның ішінде дәнді дақылдар 698,6, техника 169,3, картоп, көкөніс 124,1, жемшөп 409,3. Негізгі дәнді дақылдары – бидай, арпа, қара құмық, сұлы, тары. Техника дақылдардан қант қызылшасы басым (149,8) өсіріледі. 1973 жылғы мал саны (мың): мүйізді ірі қара 1076,7 (бұның ішінде сиыр 433,0), шошқа 958,4, қой мен ешкі 223,6, жылқы 83,2. Темір жолының ұзындығы 732 км (1973). Негізгі темір жолы желілері Киев – Хмельницкий – Львов, Одесса – Хмельницкий – Львов. Автомобиль жолының ұзындығы 12,3 мың км. Днестр өзенінде кеме жүзеді. Ауыл шаруашылығы, педогогика, технология институттар, 16 арнаулы орта оқу орны, 2 театр, филармония, 3 музей бар. облыстық «Радяньске Поділля» («Советтік Подолья») газеті шығады.

Дереккөздер

Украина. Районы, М., 1969 (серия «Советский Союз»).

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.