From Wikipedia, the free encyclopedia
Химиялық мелиорация — екпе дақылдарға қолайлы жағдай туғызып, өнімін арттыру және еңбек шығынын кеміту үшін топыраққа химиялық жолмен әсер ететін шаралар жүйесі.
Химиялық мелиорацияның әсерінен өсімдік тамыры өсетін топырақ қабатындағы өсімдікке зиянды тұздар мөлшері кемиді, топырақтың қышқылдығы және сілтілігі төмендейді.Химиялық мелиорация топыраққа қоректік заттардың түрлерін молайтады, оның физикалық-химиялық күйін жақсартады. Жер жағдайы, ауа райы ерекшеліктеріне, өсірілетін дақылдар және оның агротехникасының әр түрлілігіне байланысты топырақ құрамы мен құнарлылығын арттыруға бағытталған Химиялық мелиорация түрлері де, әдістері де, техникасы мен технологиясы да белгілі аймақ жағдайына байланысты болады. Қара топырақсыз өңірдегі батпақты, күлгін, шымды-күлгін және сілтісізденген топырақтың қышқылдығын төмендету үшін топыраққа әк және шөлді-шөлейт аудандарда тұзды және сортаң топырақтың сілтілігін төмендету үшін гипс қосады. Химиялық мелиорацияның маңызды шараларына: топырақтың өсімдік тамыры жайылған қабатына фосфор тыңайтқыштарын, шымды-батпақ топырақтарға құрамында мыс бар тыңайтқыштарды шашу; бұл топырақтардың қышқыл түріне мыс пен әк тыңайтқыштарын аралас қолдану; суландырылған жерлерге бағалы дақылдар себу; өсімдіктерді арамшөптерден, зиянкестер мен аурулардан қорғауды тиімді ұйымдастыру; топырақты өңдеу; егін егу және баптау жұмыстарын уақытында жүргізу; тыңайтқыштарды егіс танабына біркелкі енгізу, т.б. жатады. Химиялық мелиорация жұмыстары суару, топырақ эрозиясымен күрес шаралары, сортаң топырақтарды жуу, т.б. мелиорациялаудың басқа түрлерімен кешенді жүргізгенде нәтижелі болады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.