Хеопс пирамидасы — дүние жүзіндегі аса ірі пирамидалардың бірі . Бұл пирамиданы перғауын Хеопс (Хуфу) көзі тірісінде өзіне арнап б.з.б. 3 - мыңжылдықтың 1 - жартысында Гиза қаласы маңындағы Ливия шөлінде салғызған . Кезінде ежелгі мысырлықтар осынау алып кесене-пирамиданы “Хуфу көкжиегі” деп атаған . Хеопс пирамидасының табаны төрт бұрышты болып басталады да , жоғары қарай басқыш тәрізді көтеріліп , көп сатылы құрылыс түрінде тұрғызылған . Ұшар басы сүйірленіп бітетін Хеопс пирамидасының архитектуралық құрылысына сәулетші Хемиун басшылық жасаған.

More information Хеопс, Мысырлық атауы ...
Хеопс
Хеопс пирамидасы
Хеопс пирамидасы
Хеопс пирамидасы
Мысырлық атауы
Aa1G43I9G43

Achet-Chufu
3ḫt ḫwfw
«Горизонт Хуфу»
Ақпарат
Орналасқан жері Гиза
Тапсырыс беруші Хеопс (Χέωψ немесе Σοῦφις)
Тұрғызылған кезі IV династия (б.з.д. ~2560-дан ~2540 дейін)
Типі Пирамида
Табанының өлшемі 230 м
Биіктігі (алғашқы) 146,60 м
Биіктігі (қазір) 138,75 м
Көлбеу 51° 50'
Діни пирамида
Патшайымдар пирамидалары 3
Close
Quick Facts
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Хеопс
Close

Тарихы

Алғашында пирамида биіктігі 146,6 м болған еді. Алайда, қазіргі кезде оның биіктігі 138,8 метр болып тұр. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым. Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы сұрақтар кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. Осыншалық алып пирамиданы адамның салуы мүмкін емес, деп күмәнданғандар да бар. Біреулері жындар салған болуы ықтимал десе, енді бірі Жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі дейді. Ал бәзбіреулер мұндай кереметті өзге ғаламшардан келгендер салған деген болжамдарын ұсынуда.Өйткені бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі де салған жоқ. Мысалы, 1989 жылы Париж қаласындағыЛувр мұражайының жанына салынған суретші Пейдің шыны пирамидасының биіктігі 22 метрден аспайды.1972 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында пирамидаға еліктеп салынған халықаралық штаб-пәтердің алып құрылысы бар. 48 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі 260 метр болғанымен, көлемі Хеопс пирамидасының жартысына да жетпейді. Сондықтан да, Хеопс пирамидасы адамзат тарихындағы жеті кереметтің бірі. Үлкен пирамида мен жердің центрі арасындағы қашықтық, Солтүстік полюс арасындағы қашықтықпен бірдей. Биіктігін миллиардқа көбейткенде күнге дейінгі ара-қашықтықты береді. Яғни ол кездегі адамдар астрономияны, жағрафияны жақсы білген. Сәулет өнерінде де маман болған, пирамиданың биіктігі 210 қабат. Тарихшы Гередоттың айтуы бойынша, құрылыс материалдарын жоғарыға шығару үшін 925 метр ұзындықта ені 19 метр болатын бір кран тәріздес сырық жасалған. Бұл сырықтың да соғылуы ең аз дегенде 10 жылға созылады. Хеопс пирамидасы ауырлықтары 60 тонна мен 3 тонна арасында болатын 2 300 000 дана блок тастан жасалған. Ені 227 метрболатын шаршы негізінде құрылған.Ал оның алып жатқан алаңы 55 мың м2.Пирамиданың ортасында, жоғарыдан шамамен 100 метр төменде перғауын бөлмесі бар және тек төрт қабырға ғана. Хеопс пирамидасының тастары 3 метр биіктігіндегі бір қабырға халіне келтірілсе, бұл қабырғамен бүкіл Францияны қоршауға болады екен. (Наполеон есептетуге бұйрық берген екен).Құрылысқа пайдаланған тас «асуаннан» 2,5 т текше тас түрінде дайындалған. Хеопс пирамидасына осындай текше тастың 2 млн 2300- і қолданылған екен.

Пирамиданың 20 жылда біткені айтылуда. Ол үшін, Нілдің суы көтерілген маусымда, күніне 4000 блок тасылуы керек. 60 миллион тонна тастың тасымалдануы үшін 1000 қайық қажет. Қолмен тегістеліп, жылтыратылған 460 000 таспен қапталған. Бұлар ұқыпты орналастырылғаны соншалық, тіпті араларына қағаз да симайды екен. Пирамидаларға біреулер әуе жолдары үшін бір белгі деп, біреулер геологиялық тербелістермен резонансқа кіре алатын бір энергия орталығы деп, ал ендігі біреулер тарихқа бағыт беретін бір архив деп сенеді.

1953 жылы араб ғалымдары осы пирамида маңынан 17 метр тереңдікте, мүлде бекітіліп тасталған үлкен зал тапты. Залдан қару-жарақ, асыл бұйымдар және ұзындығы 35 метр желкенді қайық шықты. Ежелгі мысырлықтар тұрғызған пирамидалардың ішіндегі ең үлкені болып табылатын Хеопс пирамидасы адам еңбегінің ғажайып туындысы саналады.

Бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ. Мысалы, 1989 жылы Париж қаласындағы Лувр мұражайының жанына салынған сәулетші Пэйдің шыны пирамидасының биіктігі 22 метрден аспайды. 1972 жылы АҚШ-тың Сан-Франсиско қаласында пирамидаға еліктеп салынған халықаралық штаб-пәтердің алып құрылысы бар. 48 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі 260 метр болғанмен, көлемі Хеопс пирамидасының жартысына жетпейді. Сондықтан да, Хеопс пирамидасы - адамзат тарихындағы 7 кереметтің бірі. Грек тарихшылары 7 кереметке: Олимпиядадағы Зевстің статуясын, Галикарнастағы мавзолейді, Ирактағы Семирамиданың аспалы бағын, Родос аралындағы 32 метрлік Гелиос алып мүсінін, Александрия маягын, Эфестегі Артемида ғибадатханасын жатқызады. Бірақ, осылардан бүгінге дейін аман жеткені осы Хеопс пирамидасы ғана. Аңыздарға қарамастан оны салғызған иесі мен қалай тұрғызылғаны жөніндегі деректердің анықталғаны рас. Енді сол тылсым қызықтарға кезек берейік.Таңғаларлық деректернге Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын «Ұлы пирамида» деп те атайды. Себебі, 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз жәдігер - биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған, ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс. Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн. тоннаға жетеді. Бүкіл құрылысты салуға 2 млн. куб тасблок жұмсалған. Пирамиданың ірге көлемі 5,15 гектар жерді алып жатыр. Оған 200 теннис алаңын, Римдегі Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болар еді. Кезінде Наполеон Гизадағы басты үш пирамиданың тас блоктарымен Францияның барлық шекарасын 3 метр биік, 30 см қалың қорғанмен қоршауға жетеді деген қызық есеп шығарған екен. Осындай ақылға сия бермейтін алып дүниені IV әулеттің екінші басқарушысы перғауын Хуфу б.э.д 2551-2528 жылдары Ніл өзенінің батыс жағалауына өзінің болашақ моласы етіп салғызған. Пирамидадан бүгінге жетпей жоғалғаны - құрылыстың ұшар басынан көз шағылыстырып тұратын үшбұрышты сом алтын, пирамиданың сыртын түгелдей қаптап, алыстан аппақ қардай етіп көрсететін әктас тақталар.Пирамидалар салынуы ең әуелі пирамидалардың өте дәлдікпен салынғаны таңғалдырады. Соншама көп тастардың қандай жолмен өңделіп, қалай жеткізіліп, қалайша қаланғаны да жұмбақ. Геометриялық орналасуы да ғажап: оның төрт жағы дүниенің төрт бұрышына бағытталған, бар-жоғы 8 минуттық ауытқу байқалады. (20 см). Ал, Хеопске көрші 143,5 метрлік биік Хафр пирамидасы, келесі 65 метрлік Менкаур пирамидасы үшеуі биіктен қарағанда, батысқа қарай дәл өлшеммен шұбырта бағытталып салынған (2-сурет). Хеопс пен Менкаур пирамидаларына қатарласа қаз-қатар үш-үш кіші пирамидалар орналасқан. Ол перғауындардың әйелдері мен апа-қарындастарына арналған молалар болған. Олардың да өзара өлшем ұқсастықтары егіз тамшыдай.

Хафрдың тұсына таман салынған адам басты, арыстан денелі 20 метрлік әйгілі алып Сфинкс тұтас жартастан қашалып жасалынған . Қарапайым құрал-саймандармен мұншама сұсты дүниелерді қалай салғаны туралы дәлелді болжамдар ғана айтылады. Әйтпесе, сырлы жұмбақтар сол алып тастармен бірге қаланып, уақыт қойнауына мәңгі жұтылып кеткенге ұқсайды. Пирамидаларды салмас бұрын оның тұратын орны тегістелген. Мінсіз тегістеу үшін құрылыс алаңына су жіберілген. Құрылыс алаңы дымқылданып, жібіген соң торкөз жыралар қазылған. Жыралардың тереңдігі бірдей болу үшін арнайы таяқтармен өлшеп теңестіріп отырған. Су тартылған кезде жыраларда шамалы су қалдырылған. Осылайша судың көмегімен жібітілген тасты қыртыстарды түгел тегістеген.

Әрі жырадағы қалдырылған судың деңгейін бір тегіс өлшем үшін құрал ретінде қолданған. Осылайша тегістелгендіктен пирамида бір сызат түсіп жарылмай, сәл қисайып ауытқымастан мызғымай тұр. Хеопс пирамидасын салуға пайдаланылатын тастар Гизадан оңтүстікке қарай 300 метр қашықтықта болған. Жұмысшылар жартастарды бөліп алу үшін оның жарықтарына ағаш қазықтар қағып, су құйған. Ісінген қазықтар жартастарды оңай бөліп жіберетін. Бөлінген тасблоктарды құлату үшін ағаш иінтіректер мен берік арқандар пайдаланылған . Алып тасблоктар аунап түскен кезде, жылжытып әкету үшін астына тізілген жұмыр ағаштар қойылған. Тасты өндіруге 1200 жұмысшы қатысқан. Тастар Ніл өзені және арна арқылы құрылыс алаңына жеткізіліп отырған. Бұл тастар жағада өңдеуден өткізіліп ағаш шаналарға тиелетін.

Пирамиданың биіктеуіне сәйкестіре отырып, балшық кірпіштерден көлбеу саты-жолдар жасалған. Оған жұмыр ағаштар төселіп, тас тиелген шаналардың әрбірін екі қатар тұрған 24 жұмысшы арқанмен тартып биікке шығарған . Қалайтын алаңға жеткізген соң ағаш иінтірек, арқан, төселген жұмыр ағаштар арқылы керек жерге тасты орналастыратын. Мұндай құрылысқа бір кезекте 20 мыңдай адам жұмылдырылған. Пирамиданы салуға Хеопстың ұлы Хафр өзі басшылық етті, ал сәулетшілер, ерекше талантты өнертапқыштар таңдалып отырған.

Пирамида құпиялары

Хеопста басқа пирамидаларға қарағанда ішкі ауа жолдары мен камералар өте көп. Олардың бәрі фотокамера-роботтар арқылы зерттелсе де, жұмбақ нәрселер әлі де жетерлік. Пирамиданың дәл ортасына патша камерасы орналастырылған. Оның ұзындығы - 10,6 м, ені - 5,3 м, биіктігі - 5,9 м. Оның үстінде және 5 шағын камера бар. Олар қабір камерасын басып тұрған салмақты жеңілдетеді және оны бұзылудан қорғайды. Камералардың аралығындағы гранит тақталарға Хуфудың өз аты және шеберлердің аты ойылып жазылған. Хуфудың мәйітіне арналған тас саркофагін камерадан шығарып әкету мүмкін емес, оның көлемі камераға кіретін есіктен үлкен. Бұл оның алдын ала орналастырылғанын көрсетеді (6-сурет). Патша камерасына ауа ағыны солтүстіктен және Орион жұлдызы бағытынан келіп кіреді.

Бұл фараонның жаны жұлдызға көтерілсін деген тілектен туған. Фараонның мәйіті 43,3 метрлік кемемен молаға әкелінген. Пирамиданың іргесіндегі ғибадатханада жерлеу рәсімі жасалған соң, мәйіт жерасты жолымен патша камерасына жеткізілген. Оған кірген жұмысшылар мен абыздар жерасты жолына қарай түскен соң, қайтарда шығар жерді гранит тақталармен білінбейтіндей етіп бекітіп кететін. Ал, патша камерамен жалғасып жатқан «Үлкен галерея» деп аталатын ұзындығы 46,7 м, ені 2,1 м ұзын дәлізді қарақшылардан қорғау үшін үш гранит тақтамен бөгеп қойған. Оған солтүстік жақтан келіп кіретін есік әктасты қаптауыштың астында құпия жасырылған. Патша камерасынан төменіректе ханшайым камерасы да болған.

Оған да 2 ауа жолы және жер астына түскен соң екіге айырылатын бөлек дәліз жасалған. Бірақ, оған ханшайымның мәйіті қойылмаған, Фараонның мүсіні сақталған. Бұл да - шешуі жоқ жұмбақтардың бірі. Қазір бұл пирамидалар қалашығы саяхатшылардың сүйікті мекеніне айналып отыр. Түнге қарай онда сиқырлы музыкалар ойналып, төрт жағынан көз тартарлық лазер сәулесі түсіріліп тұрады. Пирамидада әлі де қазба мен қалпына келтіру жұмыстары бір толастамайды.

Жаны шығып кеткен мәйітін мумиялатып әуреге түспес еді. Жүз мыңдаған жұмысшы құлдардың қан мен терін ағызып, тас зәулім салғызбас еді. «Мәңгілік» деп өзін алдаусыратқан асқан берік гранит тастардың терең қуысына өз атын жазғызып, зергерлерді азапқа салмас еді. 4 мың жыл адамзат тарихы үшін ұзақ көрінгенмен замана үшін қас қағым сәттей ғана. Әрі асқар шыңдай тас пирамиданың шын мәнінде Перғауынның жанымен де, рухымен де еш қатысы жоқ. Асылында, ол тас ескерткіш мәңгілікті аңсаудың рәмізі болып қана қалған. Олай болса, мәңгілікті пәни дүниеден табам деу адасушылық. Әлемнің патшасы, мейлі көшенің қайыршысы болсын, иманға келмесе, мәңгілікке деген арманын қанағаттандыра алмайды. Бақи дүниеге сенбеген соң, мәңгіліктің де мәні жоқ. Кім болса да пирамиданың иелеріне ұқсап, «бұ дүниелік мәңгіліктердің» жетегінде адасумен торыққан күй кешеді. Ал, баяғыда салынып, бізге жеткен бұл пирамидалардан біз адам өмірінің де, дүниенің де өтпелі екендігін пайымдайтын ғибрат алсақ дейміз.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы",9 том

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.