әл-Хасан әл-Басри, Әбу Саид б. Әбіл - Хасан Насар - ерте Исламның (642 - 728) аса ірі пірадары. Мединеде туған, 657 жылдан Басрада тұрып, сонда дүние салған. 663 - 65 ж. қазіргі Ауғанстан жеріндегі әскери жорыққа қатысқан. Иракты әл-Хаджжадж (694 ж.) билеген кезде, оның ұйымдастыруымен Құран тексіндегі әріптерді диактритикалық белгімен жабдықтау ісіне қатысты. Халифа Омар ІІ тұсында әл-Хасан әл-Басри Басраның кадиы болды. Оның төңірегінде ұйымдасқан геологиялық үйірме Басраның және бүкіл Омейя мемлекеттің интелектуалдық ойының орталығы саналды. әл-Хасан әл-Басриның беделінің үлкен болғаны сондай, оны дәстүршілер (ахл ас-сунна) де, рационалистер (мутазилиттер) де, сопылар да өз ұстазы санады. Оның көзқарасы жайындагы жұтаң мағлұматтан бостандық пен еркіндік мәселесі жөнінен ол кадариттерге тән көзқарасты ұстанды және адамның осы өмірдегі істеген қылықтарына жауапкер екенін макұлдады. Солай дей тұра ол мурджииттер ілімі сарынымен мұсылман баласы пейішке бару үшін өздерінің алдында шахаданың: «Бір Аллаһтан басқа құдырет жоқ» деген бөлігін оқу керек дегенді айтады. Аралық көзқарасты ұстанған әл-Хасан әл-Басри үмбетінің бірлігін, мұсылман қауымының қарулы қақтығысқа бармау жағын көздеді. Оның сақталып қалған уағыздарынан мейірбандығымен қоса кейбір хадистарды тарату мен мұсылман рәсімінің кейбір жайттарын түсіндіруде рационалдық бағыт ұстанды, сондай-ақ, факихтарға сын көзбен қарады.[1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.