Хабарлама
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Хабарлама (Донесение) — жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа. Бейбіт уақытта хабарламалар жұмылдыру мәселелері, әскерлер қызметі, әскери тәртіп бойынша, сондай-ақ әскерлерді (күштерді) қару-жарақ, техника және басқа жабдықтау түрлерімен қамтамасыз ету бойынша баяндауы мүмкін. Тапсыру мерзімі бойынша Хабарламалар жедел (жедел хабарламалау табелінде белгіленген уақытқа жеткізіледі) және жедел емес (жай) (жағдайдың шұғыл өзгеру кезінде жедел хабарлар табелін есепке алмай жеткізіледі) болып бөлінеді. Шешім баяндалған жауынгерлік хабарламаларға командир және штаб бастығы, ал қалғандарына — штаб бастығы мен тиісті қызметтің бастығы қол қояды. Қамтамасыз ету мәселелері бойынша (инженер лік, химиялық, тыл және т.б.) хабарламаларға тиісті бастық қол қояды.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.