From Wikipedia, the free encyclopedia
Фипа (вафипа) — Танзанияның оңтүстік-батысындағы және Замбия мен Малавидің шекаралас аймақтарындағы банту халқы.[1] Халқы муанга, пимбе (бапимбве), рунга, ванда және т.б.туыстас халықтарды қосқанда Танзанияда – 340 мың, Замбияда – 275 мың, Малавиде 165 мың адам.
Фипа | |
вафипа | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
780 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Танзания |
340 000 |
Замбия |
275 000 |
Малави |
165 000 |
Тілдері | |
кифипа тілі | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар, христиандық |
Тілі - кифипа тілі, банту тілдерінің шығыс тобына жатады.[2]
Фипаның көпшілігі дәстүрлі нанымдарды ұстанады, бірақ христиандар да бар.[3]
Дәстүрлі кәсібі - қолмен атқарылатын егіншілік (тары, құмай, маниок, жержаңғақ, бұршақ, асқабақ, тәтті картоп, жүгері, банан). Негізгі қолөнері ағаш ою (маска, жиһаз, т.б.). Қазіргі заманғы Фипалар кофе және банан плантацияларында ауылшаруашылық қызметін атқарады.[4]
Дәстүрлі қоғамдық ұйым: көсемдік, аталық рулық топтар. Отбасы шағын, неке патрилокальды.
Елді мекендері шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үйлері дөңгелек, балшықпен сыланған бұтақтардан жасалған, конустық төбесі бар.
Дәстүрлі тағамдары – бұқтырылған тағамдар, тары мен құмайдан жасалған ботқалар, ащы дәмдеуіштер қосылған бәліш, тамыр көкөністері (маниок, ямс, тәтті картоп) және банандарды қуырып, қайнатып жейді. Сыра пальмалар мен банандардың шырынынан жасалады. Өзен-көл аймақтарында балықты тұтынады.
Фипалар қара және ақ жолақтардан тұратын мата киді, дәстүрлі киім (белдік) тек жұмыс кезінде қолданылады.
Олардың әртүрлі музыкалық аспаптары бар (ішекті, үрмелі, ксилофондар, барабандар).[5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.