From Wikipedia, the free encyclopedia
«Ференцварош» (маж. Ferencvárosi Torna Club) — Мажарстанның Будапешт қаласындағы футбол клубы. Мажарстандағы ең танымал, жүлделі клубтардың бірі[1]. Мажарстанның 33 дүркін чемпионы, 24 рет Мажарстан кубогын ұтып алған.
Ференцварош | ||||
Толық атауы |
Ferencvaros Torna Club | |||
---|---|---|---|---|
Лақап аттары |
Fradi («Фради»), Zöld Sasok (жасыл бүркіттер) | |||
Құрылған жылы |
3 мамыр 1899 | |||
Стадионы | ||||
Сыйымдылығы |
22 000 | |||
Президенті | ||||
Бас жаттықтырушы | ||||
Сайты |
fradi.hu (маж.) | |||
Жарыс |
Ұлттық чемпионат | |||
2023/24 | ||||
Формасы | ||||
| ||||
Клуб 1899 жылы құрылып, бір жылдан соң кәсіпқой статусын алды. 1903 жылы тұңғыш рет Мажарстан чемпионы атанды.
Өз алаңындағы ойындарын "Групама Арена" стадионында өткізеді.
Басты қарсыластары — МТК (Будапешт) футбол клубы. Бұл екі клубтың арасындағы кездесу "Мәңгілік дерби" деп аталады. Мажар ұлтынан шыққан жалғыз "Алтын доп" иегері Флориан Альберт осы клубта ойнаған.
Еурокубоктердегі ең ірі табысы — 1965 жылғы Жәрмеңкелер кубогы. Финалда "Ювентусты" 1:0 есебімен ұтып, жеңімпаз атанды. 1975 жылы Кубок иелері кубогының финалына шығып, "Динамо" (Киев) клубынан 0:3 есебімен ұтылып қалды.
Клубтағы 1-нөмір атақты қақпашы Дьюла Грошичке мәңгілік бекітілген. Ал 12-нөмір жанкүйерлердікі саналады, ол нөмір ешқандай футболшыға берілмейді.
Бәрі де мажарстандықтар
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.