Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Фарер аралдары — Еуропада орналасқан аралды ел. Исландияның шығысында, Норвегияның батысында жайғасқан. Данияға бағынатын автономия. Фарер аралдары — Атлант мұхитының солтүстік-шығыс бөлігінде, Норвег теңізінде орналасқан аралдар тобы. Жалпы ауд. 1,4 мың км² болатын 34 аралдан тұрады, оның 18-іне адамдар қоныстанған. Аралдар жанартаулар әрекеттерінен пайда болып, туф және базальт тау жыныстарынан түзілген. Жер бедері мұздықтардың әсерінен қалыптасқан. Ең биік жері 882 м (Слаттаратиндур тауы). Фарер аралдары өзара терең әрі тар бұғаздар мен фьордтар арқылы бөлінген. Фарер аралдарының теңіздік субарктикалық ылғалды климатына жылы Солтүстік Атлант ағысының әсері зор. Суы балыққа бай. Теңіз құстарының түрі көп, жағалауларында құс базары ұшырасады. Жерінде қалың шалғынды, шымтезекті батпақтар кең таралған. Фарер аралдары 1380 жылдан Дания корольдығының құрамында, ал 1948 жылдан Данияның автоном. облысын құрайды, әкімшілік жағынан 8 ауданға бөлінген. Халқы 46 мың адам. Әкімшілік орталық — Торсхавн (Стреймой аралында). Экономикасының басты салалары — балық және қой ш. жатады. Жағалауында мұнай өндіріледі. Фарер аралдарында викингтер дәуірінен қалған ескерткіштер сақталған.
Тәуелді аймақ | |||||
Фарер аралдары | |||||
Føroyar Færøerne | |||||
| |||||
Tú alfagra land mítt | |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Әкімшілік орталығы |
Торсхавн (Tórshavn) (19.282) | ||||
Королева Маргрете II | |||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
61°53′43″ с. е. 6°54′16″ б. б.61.89528° с. е. 6.90444° б. б. (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты | |||||
Жер аумағы |
1395,74 км² | ||||
Уақыт белдеуі |
0 | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ |
2,2 млрд. (2006) (45250 орын) | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
48400 адам (2008)(205 орын) | ||||
Тығыздығы |
34,8 адам/км² | ||||
Ресми тілі |
Фарер тілі, Дат тілі | ||||
Телефон коды |
298 | ||||
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Føroyar |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.