From Wikipedia, the free encyclopedia
«Улисс» (ағылш. Ulysses) — ирланд жазушысы Джеймс Джойстың екінші ең беделді романдарының бірі. Шығарманың жазылуы 7 жылға созылды. Америкалық «The Little Review» журналында 1918 жылдан бастап 1920 жылға дейін бөліктері жарияланып тұрды. Францияда 1922 жылдың 2 ақпанында тұтас кітап болып баспадан шықты. Жазушының туған жерінде роман алғаш рет 1939 жылы жарық көрді.
Бұл роман — Леопольд Блум атты ұлты еврей, дублиндік тоғышардың бір күндік оқиғасын баяндайтын (Блумсдэй деп аталатын: 1904 жылдың 16 маусымы) күрделі полистиликалық шығарма. Бұл күнді Лео Блум баспаханада, Дублиннің дәмханасы мен көшелерінде, таныс адамын жерлеуінде, бұғаздың жағалауында, жергілікті мектептің жас оқытушысы Стивен Дедалмен танысатын босану үйінде, притонда, ақыр аяғы естен танғанша ішімдік ішкен Дедалды түн ортасында ілестіріп әкелетін өз үйінде өткізеді. Романның басты шытырман жері — әйелінің Блумның көзіне шөп салуы болып табылады, бірақ бұл жайлы Блум білсе де, оған қарсы еш шара қолданбайды.
Романның канвасы және оның композициялық құрастырылуы Гомердің Одиссея дастанымен анық және бұлыңғыр түрде ұқсас келеді. Шығармада сондай-ақ "ұқсас" кейіпкерлер тобы кездеседі: Стивен Дедал (Телемахтың сюжеттік сызығы), Лео Блум (Одиссей,бұл аттың латынша түрі Ulysses болып романға тақырып ретінде алынды), Гэррет Дизи (Нестор) и т.д. Романның басты әрі маңызды тақырыбы ретінде "әке-бала" бөлімшесін атауға болады, мұнда символдық мәндегі "әке" орнында Блум, "бала" орнында Стивен рөл атқарады. Шын мәнінде модернистік әдебиеттің шоқтығы биік қатарынан саналатын "Улисс" романы өзінің сюжеттік қарапайымдылығына қарамастан мәдени, әдеби, тарихи және философиялық аспектілерді бойға көптеп жинақтаған. Романда Дублин қаласы бүкіл әлемнің символы іспеттес. Бұған қоса Блум - өзі секілді еркектердің, ал оның әйелі - өзі секілді барлық әйелдердің, жаздың бір күні - жер бетіндегі барша уақыт атаулының астарлы символына айналып үлкен маңызға ие болған. "Күннің бұқалары" деп аталатын тарауда да қилы дәуірдегі әдеби жанрлар мен стильдер, Джойс мысқылдап, мазаққа айналдырып отырған немесе ол ессіз еліктеген жазушылардың стильдік ерекшеліктері көрініс тапқанын атап кетуге болады,
Джеймс Джойс романның екі сызбасын құрған. Бірінші сызба 1920 жылы оның досы Карло Линати үшін құрылған, екіншісі 1921 жылы Валери Ларбоға арналған. Әу баста Джойс бұл сызбалардың кең таралып, жариялануына қарсы болғанымен, 1931 жылы оның рұқсат етуімен Стюарт Гилберттің "Джеймс Джойстың Улиссі" ("James Joyce’s Ulysses") атты кітабында жарияланған.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Ulysses (James Joyce) |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.