Уильям Джеймс (1842-1910) - американ психологы, философы, прагматизмнің ең ірі өкілі.[1] Өмірі мен шығармашылығы. Джемс Уильям 1842 жылы Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. Америкалық психолог және философ, америкалық функционализмнің негізін қалағандардың бірі.Медицина саласында білім алып, 1869 жылы доктор атағын алды. Бірақ денсаулығына байланысты тәжірибелік карьералық дәрігерліктен бас тартты.1872жылы-ассистент,1885жылы-философия профессоры, 1889-1907жылдары Гарвард университетінің психолог профессоры болды. Сананы «сана ағыны» ретінде түсінетін оның икемделу функция жоспарында қарастырады. Тұлға теорияcы психологиясын алғашқыларының бірін ұсынады. «Эмпирикалық Мен» немесе «тұлғаны» келесідегідей ерекшеледі: 1. Өзіндік денелік құрылымы, үйі, жанұясы жағдайы және т.б бар физикалық тұлға; 2. Басқа адамдар тарапынан бізді тұлға ретінде мойындайтын әлеуметтік тұлға; 3. Барлық рухани қасиеттердің және тұлғаның жағдайының бірлігі ретінде рухани тұлға: Мен деген белсенділігінің сезу ортасымен ойлау, эмоция, тілек, және т.б. Джемс эмоциялық перифериялық теорияның авторы болып табылады. Дж Дьюи, ДЖ Энджелл, Дж.Г.Мид кіретін Чикагалық мектептің психологтарының зерттеуіне айтарлықтай үлес қосты. Европада пайда болған және Құрама штаттарға таралған структурализмнен қарағанда, функционализм америкалық негізінде пайда болды. Оның пайда болу себебі ХІХ ғасырдың аяғында Европадағы сияқты Америкада да сананы жаулап алған эволюцияның дарвиндік теориясы болып табылады. Ч.Дарвинның еңбегі табиғаттағы адамның орны туралы түсінігін күрт өзгертті. Эволюция теориясының психологтары үшін келесі сұрақтар туындады: Адамның түрлі қабілетінің икемделу мәні қандай? Бұл сұрақтарға функционализм жауап беруге тырысты. Функционализм структурализм сияқты күрделі жүйеленбеген. Психикалық процестердің адаптивті мәнінде немесе пайдалы мәселесінде белгілі бір тақырыпты қамтып, идеялардың жалпы жиынтығын көрсетті. Ұлы америкалық психолог, яғни зерттеуді функционализммен жиі байланыстыратын Уильям Джемс болып табылады. У.Джемс жұмыстары функционализмнің пайда болуына себеп болды. Адам психологиясының негізі сана болып табылады. «Ес жағдайын талқылайтын және сипаттайтын ғылым ретінде психологияны Ладд профессор тұжырым бойынша анықтаған тиімді. Сана жағдайы ретінде мұнда сезіну, тілеу, эмоция, танымдық процесстер, талқылау, шешім, қалау сияқты құбылыстар болады. Осы құбылыстарды талқылау құрамына себебін және шарттарын зерттеуі кіру керек»(Джемс.У Психология СПб., 1911. С.1). Дж.Дьюи және У.Джемс көзқарастарының дамуы структурализм басым болған психологияның кейбір тенденциясына қозғау болды. Функционализмнің арқасында психологияның қызығушылық ортасы кеңейді: балаларды және жаны ауратындарды, интроспекция әдістерімен зерттеу мүмкін емес жануарларды да (шимпанзе, иттер) зерттей бастады. Басты бағыт түрлі аймақтағы психологиялық зерттеулердің қосымшалары болды. Европалықтарға қарағанда, америкалық функционализм (У.Джемс, Д.Дьюи және чикагалық мектептің) құрылымды жол бойынша көбірек жүруі-функция өзіндік психикалық акт ретінде ғана емес, сыртқы ортаға организмнің бейімделу процессі жүктелетін психофизикалық қызмет ретінде түсіндіріледі. Структурализм байланыстар құрылымын қарсы қойған сияқты функционализм құрылымға функцияны және ондағы іске асқан мазмұның қарсы қойды. Алайда функционализмнің екі бағытында да психикалық процестердің функциясы құрылымға және нақты психологиялық емес материалға қарсы қойылды, яғни бұдан осы құрылым ұйымдастырылады. Америкалық функционализмнің дамуы У. Джемстің атымен тығыз байланысты. Джемс медициналық және көркемдік білім алып Гарвард университетін бітіреді. Оның психологиялық жұмыстарында айтылған тұжырымдарының жиыны сияқты көзқарастардың бүтіндік жүйесі. Джемс психологияны америкадағы аса белгілі ғылым ретінде танытты. Ол алғашқы америкалық психологиялық зертханасын құрған 1875, Гарвард университетінде психологияның алғашқы профессоры болды (1894-1895). Джемс көптеген мәселелермен айналысты – эмоция және танымдық процестердің дамуы және миды зерттеуден бастап тұлға мәселелерінің және жүйке зерттеулеріне дейін. «Сана ағыны» яғни санасыздық психикалық процестердің жиі болатын сыртқы дискреттілігіне қарамастан адамдық сананың үздіксіз жұмысы туралы Джемстің идеясы болып табылады. Ойдың үздіксіздігі санадағы тұрақты үзілуіне қарамастан өзіндік идентификация мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан, мысалы, адам ұйқыдан тұрған кезде өзін сезеді және оған «өзін екенін білу үшін айнаға қараудың қажеті жоқ ». Джемс үздіксіздікті ғана емес сананың тұрақты өзгеруі динамизмді айтады, бір өзенге екі рет кіруге болмайды деп Гераклиттің айтқаны сияқты ол бізде бірдей ой екі рет болмайды деп жазады. Сананың жұмысын зерттей отырып, ол екі негізгі детерминаттың ашылуына әкеледі – көңіл аудару және әдет. Адамның белсенділігінің айта отырып, ғалым психика оның практикалық қызметінде көмектеседі, әлеуметтік бейімделу процессінің іске асырады, кез-келген қызметте сәттілікке мүмкіндігін жоғарлатады. Джемстің психологиялық көзқарастары оның функционализмнің философиялық теориясымен тығыз қатысты болып келеді. Сондықтан Джемс оның теориялық психологиядан маңыздылығы аз емес екенін дәлелдей отырып, қолданбалы психологияға үлкен мән береді. Оның көзқарасының ең маңыздылығы педагогикамен психологияның байланысы болып табылады. Ол тіпті педагогтарға арнайы кітап шығарған болатын «Мұғалімдермен психология туралы әңгіме», онда ол тәрбиенің және өзін өзі тәрбиелеудің үлкен маңыздылығын, балалардың дұрыс әдеттерінің түзелу маңыздылығын дәлелдеді. Тұлғаның түрлі құрылымын және бөлігін шақыратын сол сезім мен эмоцияның сипаты маңызды болды. Бәрінен бұрын өзін-өзі бағалау (өзіне риза болу және риза болмау) ролін тек ол алғашқы айтқан еді. Джемс бөлшек түрінде берілген өзін-өзі сыйлау формуласын дәлелдеп шығарды. Оның алымында табыс, бөлімінде талаптану.
Өзін-өзі бағалау = табыс/талаптану
Бұл формула тұлғаның иерархиялық негізінде жатады, өзін жетілдіру және жетістіккке ұмтылу, олардың ауруларын және жүйке ауруларын жеңуі, олардың эмоциялары және өзін бағалауы. Джемс эмоцияның ең белгілі теориясын шығарды (дат психологы К.Лангемен бір уақытта). Бұл теория эмоциялар мен физиологиялық өзгерістер арасындағы байланысты көрсетеді. Джемс «біз мұңаямыз, өйткені жылаймыз, біз біреуді ұрғанымыздан ашуға келеміз, қорқамыз, өйткені дірілдейміз», яғни ол эмоцияға қатысы бойынша бірінші болады. Бұл көзқарастың сыртқы қарама-қайшылығына қарамастан, Джемс пен Ланга теориясы түсіндіру тізбектілігі мен логикалығы сияқты физиологикалық корреляттармен байланыстылығының арқасында кең таралымға ие болды. Джемстің эмоцияның табиғаты туралы түсінігі психофармакологиялық және психокоррекцияның аймағындағы қазіргі зерттеулермен жартылай үйлеседі. Медицинаға және философияға тәуелсіз өзіндік ғылым ретінде психологияның дамуы үшін Джемс көп еңбек етті. Ол психологиялық ғылымға ғана емес, сонымен қатар философияға және педагогикаға еңбегі сіңген, маңызды және ұлы америкалық ғалым болып саналады.
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.