Тоқтаров Төлеген (19.12. 1920, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қарақұдық ауылында туды- 9.2. 1942, Ресей, Мәскеу облысы Бородино ауылы) – Екінші дүниежүзүлік соғыстың қаһарманы, қатардағы гвардия жауынгері.
- 19 желтоқсанда 1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қарақұдық ауылында дүниеге келген.
- Соғыс қарсаңында Риддер қаласы маңындағы қорғасын зауытында жұмысшы болды.
- Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың желтоқсанында шақырылып, Калинин майданы 3-екпінді армия 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075-полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Дивизияның «Отан үшін» газеті ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан. 1942 жылы 5 ақпанда Т.Нагаткино ауылына алдыңғылардың қатарында кіре отырып, жаудың 7 әскерін жойып, екеуін тұтқындады. 1942 жылы 9 ақпанда Бородино ауылы үшін болған кескілескен ұрыста рота жауынгерлері жаудың қарсы шабуылынан бас көтермей әрі дұшпан мен ротаның ара қашықтығы 100 м қалған да ол қасындағы 4 жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға бастады. Жау кейін шегінді. Қаһармандығы мен батылдығы үшін Тоқтаровқа қаза тапқаннан кейін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.1.1943)[1].
Quick Facts Туған күні, Туған жері ...
Төлеген Тоқтаров |
Туған күні |
19 желтоқсан 1920 (1920-12-19)
|
---|
Туған жері |
Ұлан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы
|
---|
Қайтыс болған күні |
10 ақпан 1942 (1942-02-10) (21 жас)
|
---|
Қайтыс болған жері |
Бородино селосының маңы
|
---|
Мемлекет |
КСРО
|
---|
Әскер түрі |
Артилерия
|
---|
Қызмет еткен жылдары |
1941-1942
|
---|
Әскери бөлімі |
23-гвардиялық атқыштар полкі
|
---|
Шайқасы |
ҰОС
|
Close
Ол туралы композитор Р.Елебаев «Жас қазақ» ән-реквиемін (1942), ақын Н.Баймұратов «Ер Толеген» (1945) дастанын жазды, Бауыржан Момышұлы орысша жазған “История одной ночи” (“Бір түннің тарихы”) хикаятында ол туралы сырлар шертеді. Риддер полиметалл комбинатының аумағында батырға ескерткіш орнатылып, Төлеген оқыған №10 мектепке оның есімі берілген. Өскемен, Риддер, Алматы қалаларының бір көшесі Төлеген есімімен аталады. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.[2]
Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х