From Wikipedia, the free encyclopedia
Тұрғақ, Бүркүт руы — қазақ халқының құрамындағы ру.
Тұрғақ | |
---|---|
қас таңба | |
Ұраны | Тайбұға |
Лақап атауы | {{{лақап_атауы}}} |
Шығу тегі | керей |
Жүзі | Орта жүз |
Тайпасы | {{{тайпасы}}} |
Бөлімдері | Бүркіт |
Тараулары | Баба, Тайшыбек, Ораз, Төртқара, Бесқара, Күбі, Жолдыбай, Жәпек |
Ақсақалы | Омар би |
Қыстаулары | Қотыркөл болысы |
Жайлаулары | Қотыркөл болысы |
Веб-торабы | www.tugurulhan.kz |
Шежіре бойынша, Орта жүздегі керей тайпасынан тарайды.
Тұрғақ руы - Баба, Тайшыбек, Ораз, Төртқара, Бесқара, Күбі, Жолдыбай, Жәпек аталарына таратылады.
Әбілқазы ханның Түрік шежіресінде былай деп жазылған: Сүйегі моңғол емес, қайсы бір түркі нәсілінен. Тұрғақтың мағынасы – сақшы дегенге келеді. Патшалар өздерін қарауылдау үшін бірнеше адамды сақшы етіп тағайындар еді, олар есікті күзеткенде кезекпен есік алдында тұрып, кезекпен ұйықтар еді. Бөтен адам келгенін байқаса, қолындағы екі ағашты бір біріне соғып не басқа дыбыс берер еді, соған қарай олардың ояу екенін, не ұйықтап отырғанын білер еді. Ұйықтамай отырғаны ұйықтап жатқанды «енді сенің кезегің келді, сен тұрғақ» деп оятар еді. Сол себепті патшаны күзететін адамдарды «тұрғақтар» дер еді [1]
Мұхтар Мағауин Шыңғыс хан кітабында Торғауыт пен Керей туралы: Торғауыт жасағы, кейінгі торғауыт руының әуелгі ұйытқысы – керей Оң ханның торғауыт әскері екен. Бастапқы жасақтың, кейінгі рудың тізгіні барлық уақытта да керей әмірінде болған. Торғауыт руы – керей, бұлар ежелгі түрік деп атап көрсетеді ескілікті қытай деректері. Бұл керейдің нояндары түп атасы Оң ханның тіке өзіне апарып тірейді.[2], деп жазған.
Ұраны - Тайбұға, таңбасы - Қас таңба. Батырлары: Бек Берді батыр, Жәпек батыр.
ХІХ ғасырдың басында Есенбақты-Керей болысында, ал ХІХ ғасырдың аяғында Көкшетау уезінің Қотыркөл болысында қоныстанды.
Қазір Ақмола облысының Бурабай, Біржан сал, Бұланды аудандарында, Степногорск қаласында, Ақсу кентінде тұрады.[3] [4] [5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.