Тұманбай Молдағалиев (20 наурыз 1935, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" кеңшары - 10 қазан 2011, Алматы) — қазақтың біртуар ақыны.

Quick Facts Туған күні, Туған жері ...
Тұманбай Молдағалиев
Туған күні

20 наурыз 1935 (1935-03-20)

Туған жері

Жарсу кеңшары, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы

Қайтыс болған күні

10 қазан 2011 (2011-10-10) (76 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақстан

Қызметі

ақын

Жұбайы

Күлтай Қасымова

Марапаттары мен сыйлықтары
1 дәрежелі Достық ордені

Қазақ КСР-нің мемлекеттік сыйлық лауреаты

Close

Қызмет жолы

Шапырашты руынан шыққан.[1]

Шығармашылығы

  • Тұңғыш өлеңі "Украина қызына" 1954 жылы жарияланды.
  • Алғашқы өлеңдер жинағы "Студент дәптері" 1957 жылы жарық көрді.

Тұманбай Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды.

  • "Кәмила" (1960)
  • "Көктем таңы" (1961)
  • "Алатау қызы" (1963)
  • "Ферюза туралы жыр" (1964)
  • "Зулайды күндер" (1965)
  • "Жүрегім менің сапарда" (1966) т. б. жинақтары шықты.
  • 1967 жылы жарық көрген "Жаңа дәптер" атты кітабы үшін Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды (1968).
  • "Ескерткіш" (1969)
  • "Шақырады жаз мені" (1970)
  • "Жүрек ояу қашанда" (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді.
  • "Қош, көктем" атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971)
  • "Хаттар" атты поэмалар жинағы (1974) жарық көрді.
  • Т.Молдағалиевтің орыс тілінде "Я — сын Семиречья" (1962)
  • "Первая встреча" (1968)
  • "Новая тетрадь" (1969) атты өлеңдер жинақтары шықты.

Музыка

Тұманбай Молдағалиев көптеген ән мәтіндерінің авторы.

  • "Құстар қайтып барады", "Құстар әні" (музыкасы Н.Тілендиевтікі)
  • "Куә бол" (музыкасы Н. Тілендиевтікі)
  • "Бақыт құшағында"
  • "Әнім сен едің" (музыкасы Ш. Қалдаяқовтікі)
  • "Ертіс вальсі" (музыкасы Жамақаевтікі)
  • "Шақырады көктем" (муз. Ә.Бейсеуовтікі) атты әндерге жазылған өлеңдері халық арасында кең тараған.

Аудармалары

Ол Байрон, М. Ю. Лермонтов, Т.Г.Шевченко, О. Туманян, С. Капутикян, К. Ғұлам, X. Ғұлям, Р. Гамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д. Жалсараев т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.[2]

Абай поэзиясы

Молдағалиевтің Абай поэзиясының идеялық - көркемдік мазмұнын, сезім шынайылығын, тіл шұрайын сөз ететін «Ұрпаққа тілек» («Қазақстан пионері», 1971, 21 мамыр) атты мақаласы жарияланды. Абай рухына арнап «Қайда барсам алдымнан» («Семей таңы», 1983, 13 шілде), «Абай ағам бастаған» (Жалын, 1985, N95) және «Абай аға аулында» (топтама, Тынық мұхит дәптері, А., 1985) т. б. өлеңдер жазды.

Марапаттары

  • «Жүректегі жазулар» өлеңдер жинағы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекттік сыйлығы
  • Халықаралық Физули сыйлығының лауреаты.[3]\

Отбасы

  • Өмірлік серігі, жары - Қасымова Күлтай.
  • Ұлы - Дәурен (1966 жылы туған); қыздары - Зәуреш (1959 жылы туған), Жазира (1962 жылы туған), Жанна (1964 жылы туған).[4]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.