From Wikipedia, the free encyclopedia
Түсті орамжапырақ - калориялығы мен витаминділігі брюссель капустасына жақын, тез пісетін, тағамдық жағынан өте бағалы өсімдік. Тағамға белок пен көміртегіне бай, көптеген өспей қысқарған түсті сабақтардан тұратын капуста басын пайдаланады.
Түсті капустада ақбасты капустаға қарағанда, витаминдер мен минералдық заттар көп. Сондықтан оны балаларға, ауру адамдарға береді. Оны сорпа жасауға, консервілеуге қолданады, пісіріп және қуырып жейді. Түсті капустаның сөлін, тіпті, антик заманында өкпе ауруларына қолданған. Қазірде сондай сөлді жөтелгенде және дауыс қарлыққанда бір шай қасықпен тәулігіне бірнеше рет ішу керек.
Түсті капустаның - Гарантия, Мавир - 74, Ранняя грибовская 1355 сорттары тез пісетіндігімен көзге түседі, басының пісіп жетілуіне 2,5-3 ай керек.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.