Түрікменстандағы президент сайлауы (2022)

From Wikipedia, the free encyclopedia

2022 жылдың 12 наурыз күні Түрікменстанда кезектен тыс президент сайлауы өткізілді. Сайлау президент Құрбанқұлы Бердімұхамедовтің отставкасымен байланысты жүргізілген.[1][2]

Quick Facts Түрікменстан президенті ...
2022 жылғы Түрікменстандағы президент сайлауы
12 наурыз 2022
Сердар Бердімұхамедов – Түрікменстан Демократиялық партиясы
Дауыс 2,452,705
72,97 %
Алынған орын 1
Қыдыр Нұннаев – Партиясыз
Дауыс 242,685
11,09 %
Алынған орын 2
Ағажан Бекмұратов – Түрікменстан Аграрлық партиясы
7,22 %
Алынған орын 3
Түрікменстан президенті
Босатушы Сайланған
Құрбанқұлы Бердімұхамедов
Тәуелсіз
Сердар Бердімұхамедов
ТДП
Close

Сайлау үміктерлерінің қатарында Бердімұхамедовтың ұлы Сердар Бердімұхамедов болған. Ол жалпы даусы санының 72.97% жинап, президент болып сайланып, әкесінің ізбасары болды.[3][4]

Сайлау халықаралық бақылаушылармен еркін және әділ сайлау болып танылмайды.[5][6]

Жүргізілуі

Ресми деректер бойынша сайлау күні елде 3,460,080 сайлаушы бар.[3]

Сайлауды ресми деректер бойынша Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Түркі Мемлекеттерінің Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Ислам ынтымақтастық ұйымының өкілдері бақылады.[3] Сайлау күні, жоспарланғандай, 12 маусым күні өтті.

Үміткерлер

Сайлауға 9 үміткер қатысты.[3] Үміктерлер ішінде ірі мемлекеттік қызметте болған үміткердің екеуі ғана бар: ізашар президенттің ұлы Сердар Бердімұхамедов және бұрынғы Мәжіліс депутаты Мақсат Өдешов. Қалған үміткерлер дәрігерлер, әкімдік қызметкерлері немесе педагогтар.

More information Аты-жөні, жасы және партиясы, Соңғы лауазымы ...
Аты-жөні, жасы және партиясы Соңғы лауазымы Тіркелуі Қосымша ақпарат
Сердар Бердімұхамедов
(40)
Демократиялық партия
Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары (2021 бері) 14 ақпан 2022 Түрікменстан Демократиялық партиясының жиналысы Бердімұхамедовты үміткер болып 14 ақпан күні таңдады.[7]
Ағажан Бекмұратов
(47)[8]
Аграрлық партия
Мары уәлаяты әкімінің орынбасары (2017 бері)[8] 16 ақпан 2022 Түрікменстан Аграрлық партиясының жиналысы Бекмұратовтың үміткерлігін 16 ақпан күні ұсынды[9]
Пархат Бегенджов
(40)[10]
Демократиялық партия
Лебап уәлаяты қаржы-экономикалық орта кәсіптік мектебінің директоры (2014 бері)[10] 20 ақпан 2022 Лебап уәлаятының бастамашыл тобы ұсынған[11]
Бердімәммет Құрбанов
(41)[12]
Партиясыз
Түрікменстан Денсаулық сақтау және медицина өнеркәсібі министрлігінің «Аваза» санаторийінің бас дәрігері (2019 бері)[12] 20 ақпан 2022 Балқан уәлаятының бастамашыл тобы ұсынған[11]
Бабамұрат Мередов
(41)[13]
Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер партиясы
«Wepaly gurluşyk» шаруашылық қоғамының директоры (2012 бері)[13] 21 ақпан 2022 Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер партиясы 2022 жылдың 21 ақпанында Бабамұрат Мередовті үміткер ретінде ұсынды[14]
Мақсатмұрат Өвезгелдиев
(44)[15]
Партиясыз
Ахал уәлаяты Бабадайхан атырабы гигиена және аурулардың таралуының алдын алу бөлімінің бастығы (2018 бері)[15] 21 ақпан 2022 Ахал уәлаятының бастамашыл тобы ұсынған[16]
Әкекелді Сарыев
(43)[17]
Партиясыз
Түрікменстан Мемлекеттік энергетика институтының «Жаңартылатын энергия ресурстары» ғылыми-өндірістік орталығының директоры (2019 бері)[17] 21 ақпан 2022 Мары уәлаятының бастамашыл тобы ұсынған[16]
Мақсат Өдешов
(43)[18]
Демократиялық партия
Түрікменстан Демократиялық партиясы Сапармұрат Түрікменбашы аудандық комитетінің төрағасы (2012 бері)

Түрікменстан Мәжілісі V-шақырылымының депутаты[18]
22 ақпан 2022 Дашоғыз уәлаятының бастамашыл тобы ұсынған[19]
Қыдыр Нұннаев
(45)[20]
Партиясыз
Түрікмен мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры

(2014 бері)[20]

22 ақпан 2022 Ашхабадтың бастамашыл тобы ұсынған[19]
Close

Сын

Түрікменстандағы сайлаудың барлығы, соның ішінде 2022 жылғы сайлау да, халықаралық бақылаушылармен демократиялық емес болып танылады.[5][6][21]

Азаттық радиосы сияқты оппозициялық және шетелдік дереккөздер Бердімұхамедовтар билігін «династиялық» деп сынап,[21] басшыларды автократтық деп те атайды.[5]

Нәтижесі

Сайлау күні ресми деректер бойынша сайлаушылардың жалпы 97.17% дауыс берді.[3] Сайлау нәтижесінде, ресми дерек бойынша, Сердар Бердімұхамедов жалпы 2,452,705 дауыс жинап (72.97%) жеңіске жетіп, елдің президенті болып сайланды.[3][4]

More information Үміткер аты-жөні, Партиясы ...
Үміткер аты-жөні Партиясы Дауыс саны %
Сердар Бердімұхамедов Түрікменстан Демократиялық партиясы 2,452,705 72.97
Қыдыр Нұннаев Партиясыз 372,525 11.08
Ағажан Бекмұратов Түрікменстан Аграрлық партиясы 242,685 7.22
Бердімәммет Құрбанов Партиясыз 74,690 2.22
Пархат Бегенджов Түрікменстан Демократиялық партиясы 67,770 2.02
Мақсатмұрат Өвезгелдиев Партиясыз 38,881 1.16
Мақсат Өдешов Түрікменстан Демократиялық партиясы 38,801 1.15
Әкекелді Сарыев Партиясыз 36,568 1.09
Бабамұрат Мередов Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер партиясы 36,412 1.08
Жалпы 3,361,037 100.00
Жарамды дауыс саны 3,361,037 99.97
Жарамсыз дауыс саны 1,015 0.03
Жалпы дауыс саны 3,362,052 100.00
Тіркелген сайлаушылар 3,460,080 97.17
Close

Сердар Бердімұхаммедов 2022 жылы 19 наурызда ант беріп, президенттігінің тұңғыш мерзімін бастады.[3]

Дереккөздер

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.