From Wikipedia, the free encyclopedia
Түрікменстанның мемлекеттік елтаңбасы (түрікм. Türkmenistanyň Döwlet tugrasy) — Түрікменстанның мемлекеттік рәміздерінің бірі, елдің елтаңбасы.
Елтаңбаның пішіні — Рубғ символына ұқсас сегізбұрышты жасыл жұлдыз.[1]
Елтаңба орталығындағы көк дөңгелектің ішінде салынған Ахал теке жылқысы бейнеленген. 2000 жылы пайда болған ресми дереккөздерге сүйенсек, бұл — тұңғыш президент Сапармұрат Ниязовтың жылқысы Янардаг (түрікм. Ýanardag, жанар тау).[2]
Көк дөңгелектің сыртында 5 түрлі оюы бар қызыл дөңгелек салынған. Бұл оюлар түрікмен халқының 5 басты руларын білдіреді: Теке, Йомуд, Сарык, Чавулдур және Әрсары рулары.[1]
Оюлар сыртында бидай мен мақта бұтақтары, және үстінде жарты ай мен 5 ақ жұлдыз бейнеленген. Бұл 5 жұлдыз елдің бес уәлаятын: Ахал, Балқан, Дашоғыз, Лебап және Мары білдіреді. Сол жағында 5 жұлдызы бар солға қараған жарты айды, елтаңбаның жасыл түсін және рулардың оюларын Түрікменстан туында да табуға болады.
Түрікменстан — посткеңестік кеңістікте тәуелсіздігінен бері өз елтаңбасын ең көп өзгерткен мемлекет болып келеді: қазіргі рәмізі 1992 жылдан бері қабылданған 3-елтаңбасы болып келеді.
Елдің тұңғыш елтаңбасы жасыл түстің орнына сары түсті көбірек қолданған еді, және жалпы символдары мен олардың орналасуы қазіргі нұсқасына ұқсаса да, түсі және пропорциялары өзгеше болып келеді.
2000–2003 жылдары қолданылған нұқса керісінше қазіргісіне жақынырақ болған, оның түстері тудағыға ұқсас болып жасыл мен қызылға өзгертілді.
Бірінші (1992–2000) және екінші (2000–2003) нұсқалардың пішіні шеңбер болған. 2003 жылы президент Сапармұрат Ниязов екінші нұсқаның пішінін Рубғқа ұқсас сегізбұрышқа өзгертті, себебін «көне түрікмен сегізбұрышы молшылықтың, бейбітшілік пен тыныштықтың символы болып саналған» деп айтып кеткен.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.