From Wikipedia, the free encyclopedia
Троя соғысы (грек. Τρωικός Πόλεμος) — аңыз бойынша ежелгі грек қала-мемлекеттері мен Кіші Азияда орналасқан Троя қаласы арасында болған. Соғыстың болғаны Трояда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде дәлелденді. Ежелгі деректер бойынша шамамен біздің заманымыздан бұрын 13 ғасырдың орта кезінде Микен қаласы билеушісі Агамемнонның басшылығымен Ахейя патшаларының бірлескен әскерлері Кіші Азиядағы Троя қаласын ұзақ уақыт бойы қоршап, басып алған. Бұл соғыс “Илиада”, т.б. эпикалық жырлардың желісіне айналды. Аңызға қарағанда Спарта патшасы Менелайдың әйелі – Еленаны троялық Паристің ұрлап әкетуі Троя соғысына себеп болған. Гректер Трояға үздік-создық 10 жыл бойы шабуыл жасаған, өйткені Троя патшасы Приамның фригиялықтар, ликиялықтар, фракиялықтар, т.б. халықтар тарапынан күшті одақтастары болды. Жекпе-жек шайқаста гректерден Ахилл, Диомед, Агамемнон, Одиссей, ал троялықтардан Гектор, Главк, Сарпедонт және Эней ерлік көрсетті. Трояның жеңілуі ахеялықтардың Кіші Азияға келіп қоныстануына жол ашты.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Троя соғысының тарихы Гомердің «Илиада» дастанында баяндалған. Ол Троя қаласын гректің Ахей тайпасынан шыққандардың қалай талқандағанын суреттейді.Тарихшылардың пікірінше, бұл соғыс біздің дәуірімізге дейінгі 1240-1230 жылдарда болған.Троя соғысы-грек мифологиясындағы негізгі оқиғалардың бірі. Ахейліктер мен Трояның арасындағы соғыстың тұтануына Спартадан шыққан сұлу Елена себепкер болады.Ол Микены патшасы Агамемнонның інісі Менелайға тұрмысқа шыққан.Итака патшасы Одиссейдің ақылымен Еленаға табынушылардың бәрі – грек патшалары, бүкіл Элладаның атақты батырлары- оның таңдауына қолдау көрсетуге және кімде-кім Еленаны иеленіп кетуге тырысса, Менелайға көмектесуге серт берген. Әйел құдайлар Гера, Афина және Афродита бір күні Ида тауында той-думан жасайды.Бірақ олар араздық құдайы Эриданы шақырмайды.Эрида кек қайтаруды көздеп, оларға «Ең әдемісіне» деген жазуы бар алманы тастайды.Араларындағы ең әдемісі кім деген дауды шешу Париске тапсырылады.Құдай әйелдердің үшеуі де Паристі өз жағына тартуға тырысады.Бірақ ол өзіне ару қызды әйелдікке беруге уәде еткен Афродитаны таңдап алады. Афродита Еленаны оған ғашық болуға мәжбүр етеді де, ғашықтар Трояға қашып кетеді.Грек патшалары Еленаны қайтарып алу үшін Трояға қарай әскер аттандырады. Гректер Трояны он жыл қоршап тұрады.Одиссейдің ойлап тапқан қулығының арқасында қаланы алады.Олар ағаштан ат жасап,оның ішіне бірнеше жауынгерді тығып қояды да, өздері кері шегініп кеткен сыңай танытады.Троялықтар атты қалаға енгізеді, гректер түн ішінде сыртқа шығып, өз әскерлеріне қақпаны ашып береді.Гректер еркектерді өлтіріп, әйелдер мен баладарды құлдыққа алады. Адамзат Троя соғысындағы оқиғалар жөнінде ежелгі грек ақыны Гомердің дастанынан білді.Ол біздің дәуірімізге дейінгі IX ғасырда жүздеген жылдар бойы ауыздан-ауызға тарап келген Троя соғысы туралы аңыздарды жинақтаған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.