From Wikipedia, the free encyclopedia
Тоқтықұл Сатылғанұлы (қыр. Токтокул Сатылганов; 25 қазан 1864, Куччу- Суу қыстағы, қазіргі Ош облысы., Тоқтықұл ауданы, - 17 ақпан 1933, Сасықжиде қыстағы) - қырғыз халық ақыны, қырғыз кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Жастайынан суырып салып, өлең шығара бастады. Әдебиетке, ақындыққа анасы Бурманның тигізген әсері мол болған. Ол музыка аспаптарында ойнайтын, ауыз әдебиетін жетік білген. 15 жасынан ақын, шешен, музыкант ретінде елге аты кең жайылады. Сартбай, Есенаман т.б. халық ақындарынан тәлім алып, айтыс өнеріне машықтанады. Халық дастандарын («Сарынжы-Бөкей», «Кедейхан» т.б.) жаттап, халық арасына таратты. С.Тоқтағұлдың даңқын шығарып, елге кең тараған жырларында («Алымхан» «Насылхан» «Айымжан », т.б.) махаббат, достық тақырыбы басым жырланды) Үстеп тап өкілдерін шенеп айтқан сатиралық өлеңдері көп («Бес қабан», «Өсімқор Шақырбай», «Еселбайдың үйленуі» т.б.) Cатылғанов Тоқтағұл 1898 ж. бай-манаптардың жалған жаласымен айыпталып, көп жыл Сібірде айдауда болды.(25 жыл) Осы кезде «Қош Елім», «Тұтқында жүргенде», «Азапқа түсті өмірім » т.б. жырларын шығарды. Ұлы Қазан революциясы С.Тоқтағұл жырларына жаңа мазмұн («Жаса,Кеңес өкіметі», « Бостандық заңы», «Туған жерім» т.б. ) берді. Ол қырғыз әдебиетінде В.И.Ленин образын («Лениндей ұлды кім туды», « Ленин ашты жолыңды» т.б.) тұңғыш жырлады. С.Тоқтағұлдың шығармалары КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылды. Қазақ тілінде де жеке кітап болып шықты. Тоқтағұл поэзиясы - халық тағдырының айнасы.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.