From Wikipedia, the free encyclopedia
Торғай қолаты, Торғай аңғары – Мұғалжар мен Сарыарқа таулары аралығында орналасқан ойпат.
Торғай қолаты | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 100,125 м |
Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық | 800 км |
Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық | 25, 75 км |
Өзендер | Обаған, Торғай, Тобыл |
Көлдер | Құсмұрын, Ақсуат, Сарықопа |
Орналасуы | |
52°40′00″ с. е. 64°46′00″ ш. б.52.66667° с. е. 64.76667° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Торғай қолаты Ортаққорда |
Оңтүстіктен солтүстікке қарай 800 км-ге созылып жатыр. Қолат тектоникалық жолмен пайда болған. Солтүстігін Батыс Сібір жазығы мен Тұран ойпатын жалғастырып тұратын табиғи аңғарлық қақпа – Торғай қақпасы алып жатыр. Оның орнында палеоген кезеңінде Торғай мен Сібірді Торғай өзенінің орта ағысы жалғастырып тұрған ені 20-25 км бұғаз болған. Қолаттың қазіргі ені 20-75 км, салыстырмалы төменділігі 200 м, тұнбалы, құмды саздақтан түзілген. Торғай қолаты жерімен солтүстік бағытта Обаған, оңтүстік бағытта Торғай өзені ағып өтеді. Суы таяз, ащы көлдер көп (Құсмұрын, Ақсуат, Сарықопа, т.б.), көктемде қолаттағы көлтабандар еріген қар суына толады, ыза сулары минералданған.
Климаты тым континенттік, солтүстіктен оңтүстікке қарай континенттілігі арта түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 300 мм, оңтүстігінде 200 мм. Орташа жылдық температура шілдеде 20 – 22°С, қаңтарда –16 – 17°С. Солтүстігі далалық белдемге, оңтүстігі бөлігі шөлейт белдемге кіреді. Жері шабындыққа, мал жайылымына пайдаланылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.