From Wikipedia, the free encyclopedia
Тингиан (итнег) — Филиппин аумағында тұратын ұлт.[1][2] Лусон аралының солтүстік-батысында орналасқан.[3] Жалпы саны 70 мың адам.[4]
Тингиан | |
итнег | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
70 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
тингиан тілі | |
Діні | |
дәстүрлі сенімдер |
Тілі - тингиан тілі. Диалектілері: солтүстік, шығыс және оңтүстік. Илокан, бонток, калинга және апайо тілдері де кең таралған.[5]
Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер. Христиандар да (католиктер, протестанттар) кездеседі.[6]
Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (суармалы және таудағы күріш. Алқаптар тау беткейлерінің террассаларында немесе өзен аңғарларында орналасқан. Мұндай алқаптарда күріштен басқа қант қамысы, жүгері, асқабақ, қауын, зімбір, мақта, темекі, қызылша егіледі. Ең көп таралған жеміс ағаштары - банан, апельсин және манго. Сонымен қатар олар өзеннен балық аулап, буйвол, шошқа, тауық өсірді. Қолөнерден – тоқымашылық, керамика, ұсталық, қару-жарақ жасау дамыған.[7]
Қарым-қатынас екі жақты, неке неолокалдық. Бала кезінен атастыру, қыз ұзату, кәнизактар институты (жоғары әлеуметтік топ), дәстүрлі отбасылық рәсімдер сақталған. Негізінен туыстардан тұратын елді мекендерді сайланған старшындар (лекейлер) басқарды. Ауылдың қоғамдық өмірін басқару құқығы мұрагерлік құқыққа айналды. XX ғасырдың басына дейін бас аулау қолданылған. Тингиан көптеген рухтарды (табиғатты, ата-бабаларды) қастерлейді, оларға жануарларды (шошқа, тауықтар) құрбан етеді. Бақсылықпен негізінен әйелдер айналысады.
Елді мекендер шағын. Тұрғын үйлері – қадаларда орналасқан, тікбұрышты, верандасы бар бір, екі бөлмеден тұрады, төбесі шөппен жабылған. Шаруашылық құрылыстар бөлек салынған немесе тұрғын үйлердің қадаларының арасындағы кеңістікті пайдаланады.
Дәстүрлі ерлер киімі – денені орайтын мата, қысқа жекет, басына жалпақ кең қалпақ немесе орамал тағады. Белдікте пышақ ілініп тұруы керек. Кейде ерлер көйлек, сирек шалбар киеді. Әйелдер – мақта матадан тігілген, әдетте ақ түсті саронг киеді. Басы кең жалпақ қалпақпен немесе шарфпен жабылған. Ерлер де, әйелдер де орамал тоқылған қалпақ киіп, мойынға, басына, қолына, аяқтарына көптеген әшекейлер тағады.[8]
Негізгі тағамдары - күріш, көкөністер, жемістер. Етті сирек жейді. Алкогольді сусын қант қамысынан жасалады.[9]
Халық ауыз әдебиеті бай және ерекше - мифтер, аңыздар, ертегілер, ғұрыптық билер, әндер, сәндік-қолданбалы өнер таралған.[10]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.