From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлгі:Drugbox
Тетрациклин кең ауқымда қолданылатын антибиотик, бұл яғни әртүрлі бактерияларға қарсы пайдалануға болады деген сөз. Тетрациклинді ішу керек, өйткені ол еккендегіден гөрі жақсырақ әсер етеді және бұлай қолдану қолайлы да. Тетрациклинді бактериялар мен амебалардың қоздыруы салдарынан болатын іш өту мен қанды іріңді іш өту ауруына қоддануға болады. Сондай-ақ қолтық қабынуы, тыныс жолдары ауруларына (бронхит т. т.), зәр шығару жолдары ауруларына, сүзекке, бруцеллезге, тырысқаққа (холераға, басырға, өттің инфекциялық ауруына, хламидияға, созға, жамбас аумағы) органдарының қабынуына қолдануға да болады. Тетрациклин жай салқын тиіп ауырғанға көмектеспейді. Жай инфекциялық ауруларды бұл пенициллин мен сульфаттарға қарағанда оншалықты тез жазбайды. Оның үстіне бұлармен салыстырғанда әлдеқайда қымбат турады. Бұл дәріні шектеулі түрде ғана қолданған жөн.
Күніне 20-дан 40 мг/кг дёйін) 250 мг-дан капсулдегісі және 125 мг/5 мл-дан микстуралардағысы қолданылады. Тетрациклинді күніне 4 рет ішу керек.
ересектерге: 250 мг (1 капсула)
Қатаң аурумен және соз, хламидия, жамбас аумағы органдарының инфекциялық ауруларына, ты-рысқақ (холера), сүзек және бруцеллезге екі еселенген мөлшері берілуге тиіс (кішкентай балалардан басқаларына). Басқа көптеген ауруларға тетрациклинді адам сырқаттан айыққаннан кейін 2 немесе 3 күнге дейін үзбей ішкені дұрыс (әдеттегі 7 күннің орнына). Кейбір ауруларға бұдан да гөрі көбірек мерзім емделу қажет болады: мәселен, сүзекке 6 күннен 70 күнге дейін, бруцеллезге 2 күннен 3 аптаға дейін, тырысқаққа 3 күннен 5 күнге дейін, соз бен хламидияға 7 күннен 10 күнге дейін, жамбас аумағы органдарының ауруларына 10 күннен 14 күнге дейін тетрациклин қабылдау керек.
Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.