From Wikipedia, the free encyclopedia
Темекі шегу - уытқорлықтың бір түріне жатады. Оның уыттылығы негізінен никотинмен айқындалады және жеңілірек түрде болса да, уытқорлықтың жалпы заңдылықтарымен сипатталады. Темекі тартатын адамдардың денесіне оның түтіні уытты әсер етеді. Ол организмді уақытша сергітетін әсер етіп, артынан жүйке жүйесін тоздырады, адамның жұмысқа қабілетін төмендетеді.
Мына мақаланы не бөлімін Темекі тарту дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Темекі шегу жас балалық шақта, ересек адамдарға еліктеуден және өзінің ер жеткенін көрсету үшін мақтаныш ретінде басталады, әйелдер тым толып кетуден сақтану үшін шылым тарта бастайды. Артынан никотиннің әсеріне организмнің бейімделуі болып, темекі шегу әдетке айналады. Шын мәнінде темекі шегу организмде май түзілуіне қажетті ферменттерді тежеп, саміруден сақтандырады, көңіл – күй қобалжуларын басады. Бірақ оның зиянды жақтары бұл көрсетілгендерден әлдеқайда басым болатынын ескеру қажет. Темекі шегетін адамдардың орташа өмір жасы оны шекпейтіндерге қарағанда қысқа болатыны белгілі.
Темекінің түтінінде
Шылым шегу көптеген ауруларына әкелетіні дәлелденген.
Тыныс алу жүйесінде: созылмалы бронхит, өкпе қабынуы, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз дамып, өкпенің желдетілуі (вентиляциясы) бұзылады. Темекінің түтіні өкпенің ұяшықтарындағы макрофагтардың лизосомалары мен фаголизасомаларын бүліндіріп, олардың фагоцитоздық белсенділігін төмендетеді. Ол макрофагтарда цГМФ алмасуы бұзылудан болады – деген жорамал бар. Өкпеде обыр өспесі дамуына қауіп – қатер төндіреді. Өйткені темекі түтінінде болатын 3,4 бенз (а) пирен, хром, кадмий өспе туындататын заттарға жатады.
Жүрек–қан тамырлар жүйесінің аурулары: темекі түтініндегі көміртегі тотығының және никотиннің әсерлерінен қан тамырларының атеросклерозы, жүректің ишемиялық ауруы, аяқ – қол тамырларының ішкі саңылауы бітеліп қалуын туындататын эндоартериит дамиды.
Ішек-қарын жолдарында: темекі тартатын адамдардың арасында асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, ішектердің талаурап қабынуы жиі кездеседі.
Репродуктивтік функциясы: жүктілік кезінде темекі шегуден түсік тастау, мерзімінен бұрын босану, жүктіліктің асқынулары байқалады. Туған балаларда өспе өсу мүмкіншіліктері жиілейді (“”трансплаценталық канцерогенез””). Темекі тартатын әйелдерде етеккір келуінің ерте тоқтауы және жыныстық құштарлықтың төмендеуі болады.
Темекі түтіні шырышты қабықтарды тітіркендіріп, иіс дәм сезімдерін азайтады, сілекей бөлінуін көбейтеді, қызыл иекті болбыратып, ауыз қуысының кілегей қабығында ойық жаралардың пайда болуына, тіс кіреукесі мен оның қатты қабаты бүліністеріне әкеледі. Темекі тартуды тоқтатқаннан кейінде, шамалы болса да, доғару синдромының белгілері байқалады. Олар нашақорлар мен уытқорлардағыдай ауыр рухани және физикалық тәуелділіктермен байқалмағанымен, шамалы түрде никотинге сигареттен кейін 90–120 минут өткеннен соң дамиды және 24 сағаттан соң ең үлкен дәрежеге жетеді. Ол бірнеше аптаға созылады. Бұл кезде адамның қатты темекі тартқысы келеді, көңіл – күйінің жабырқауы, беймазалық, қобалжу, зердесінің бұзылуы, ұйқы басу немесе ұйықтай алмауы , ашушаңдық, тәбеттің артуы және дене массасы ұлғаюы сияқты әйгіленімдер байқалады. Оларды жеңу, нашақорларға қарағанда, біршама жеңілірек болады[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.