From Wikipedia, the free encyclopedia
Татымдықтар.Оларға өзіндік дәмі мен хош иісімен ерекшеленетін өсімдіктер өнімі жатады. Оларды тағамға дәмі мен иісін өткірлеу үшін, сонымен қатар тамақтың иісін "жөндеу" үшін қосады. Татымдықтар тағамның дәмін жақсартумен қатар, оның организмге сіңуін күшейтеді. Татымдықтардың 150 түрі белгілі, бірақ шамамен 20 түрі кең тараған. Татымдық ретінде өсімдіктердің кепкен бөліктерін қолданады. Өсімдіктердің қай бөлігін тамаққа қолданылатынына байланысты татымдықтарды келесі топтарға жіктейді: тұқымды — қыша, мускат жаңғағы; жемісті — анис, бадьян, тмин, кориандр, кардамон, бұрыш, ваниль; гүлді — қалампыр, зағыпыран; жапырақты — лавр жапырағы; кора — корица; тамырлы — зімбір.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.