From Wikipedia, the free encyclopedia
Тапсырма (Задание; job)
1) тапсырмаларды басқару тіліндегі программа;
2) өзгертумен анықталып, компьютермен орындалатын жұмыс бірлігі; орындалатын программаларды және оларға қажетті мәліметтерді анықтайтын басқару операторларының тізбегі болып келетін операциялық жүйе жұмысының бірлігі.
Алдыңғы жоспардагы тапсырма (Задание переднего плана; foreground job) — жұмыс уақыты шектелмеген, графикалық құрылғымен байланысты тапсырма; уақыт үлестірілген жүйелерде — негізі жадтың свопингке шалдыққан бөлігінде орындалатын кез келген тапсырма.
База регистрінің айқын емес тапсырмасы (Неявное задание регистра базы) — ассемблер тілінде — жазылуында база регистрінің нөмірін айқын түрде көрсетілмейтін команданың жазылу тәсілі. Программада ол регистр USING командасымен анықталып, "базаға ығыстыру" түрінде берілген адрестің бөлігі болады.
Бір рет орындалатын тапсырма (Однократное задание; one-shot job) — программа мен мәліметтердің сақталуы ескерілмеген бір рет орындалуға арналған тапсырма.
Дестеленген тапсырма (Пакетированное (пакетное) задание; batched job) — компьютерге енгізу үшін басқа тапсырмалармен біртүтас дестеге топтастырылған тапсырма.
Кідіртілген тапсырма (Задержанное задание; deley job) — кідіртілген тапсырмалар кезегіне компьютер операторымен ауыстырылған тапсырма. Оператор оны осы кезектен шығармайынша тапсырма негізгі жадқа жүктелмейді (мысалы, кідірту HOLD командасымен, ал кідірістен шығару RELEASE операторымен орындалады),
Терминалдық тапсырма (Терминальное задание; terminal job) — компьютерге терминалдан уақыт бөлшектеу режімінде енгізілетін тапсырма. Техникалық тапсырма (Техническое задание) — жобаланатын өнімнің атқаратын міндеті мен қолдану саласын, техникалық, техника-экономикалық және арнайы талаптарды, тапсыру мен жобалау мерзімдерін, сынау түрлерін және т.б. мағлүматтарды қамтитын құжат. [1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.