Таным нейроғылымы (ағылш. Cognitive neuroscience) — ментал процесстерге қатысты мидағы нейронды байланыстарға арнайы назар аудара отырып, таным астарында жатқан биологиялық процестер мен аспектілерді зерттейтін ғылым саласы.[1] Ол танымдық белсенділіктер мидағы нейрондық тізбектердің әсеріне қалай ұшырайтыны және басқарылатыны туралы сұрақтарға жауап қарастырады. Таным нейроғылымы – нейроғылымның да, психологияның да тармағы болып, әрекет нейроғылымы, таным психологиясы, физиологиялық психология және сезім нейроғылымы секілді пәндермен қабаттасып, астасып жатады.[2] Таным нейроғылымы таным ғылымындағы теорияларға және нейроғылымдар мен есептік моделдеудің дәлелдемелері мен уәждерін пайдаланады.[2]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.