Мына мақаланы не бөлімін Таймыр автономды округы дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Таймыр (Долган-Ненец) Ұлт округы
Таймыр (Долган-Ненец) Ұлт округы - РКФСР-дің Красноярск өлкесі құрамында. 1930жылдың 10декабрьде құрылған. Кара және Лаптевтер теңіздері шаяды. Жері 862,1 мың км². Халқы 42 мың (1975). 3 ауданға бөлінеді. Орталығы - Дудинка қаласы.
Округ негізінен Таймыр түбегінде орналасқан. Солтүстігін Орта Сібір таулы үстірті және Солтүстік Жер архипелагы алып жатыр. Пайдалы қазындылары-тас көмір, мұнай, газ. Климаты артикалық және субартикалық. Январьдың ораша температурасы- 30градус, июльде 2-13градус. Жылдық жауын-шашыны 110-350мм. Көп жылдық тоң тараған. Басты өзені-Енисей(округ шегіндегі ұзындығы 600км). Шағын көлдері көп.Тундраның шымтезекті глейлі топырағы басым. Солтүстік бұғысы, арқар, ақ түлкі, ақ аю; құстардан үйрек, қаз т.б. мекендейді.Теңіздері балыққа бай. Кәсіптік бағалы балықтары -лосось пен бекіре болып табылады.
Округта орыстар (80%),долгандар (12%),ненецтер (6%), нганасандар, энецтер тұрады. Орташа тығыздығы 1км²-ге 0,05 адамнан. Қала халқы 64%. 1қаласы (Дудинка), қ.т. поселкесі (Диксон) бар. Шаруашылығының негізі- тау-кен өнеркәсібі, бұғы өсіру және балық, қымбат бағалы аң аулау. 1973жылы 44млн.квт/сағ электр энергиясы, 38мың т көмір, 746млн м³ газ өндірілді. 1973 жылы 7 калхоз және 5 совхоз болды. Жылына 35мың ц балық ауланады. 1975ж. 106мың бұғы болды. Басты транспорт саласы-су жолы. Порттары-Дудинка, Диксон, Хатанга. Мессояха-Норильск газ құбыры тартылған. 1974-75жылы 28 мектеп, мал дәрігерлік техникум, өлке тану музейі, 37 клуб, 63 кино қондырғы болды. «Советский Таймыр» (1932 жылдан) округ газеті шығады. [1]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.