From Wikipedia, the free encyclopedia
Тай — Оңтүстік Қытайдағы, Үндіқытай және Солтүстік-шығыс Үндістан елдеріндегі халықтар тобы: буи, зяй, кхамти, кхун, ла, ли, маонань, мулао, нунг, сантяй, сиамдықтар, тайлар, тхай, чжуан, шандар, шуй, юан, т.б. [1] Жалпы саны 50 миллионға жуық адам. (1973).[2]
Бұл халықтар паратай тобындағы тай тілдерінде сөйлейді.[3]
Дін бойынша тайлар буддистер, тайпалық діндер таулы халықтар арасында кең таралған.[4]
2-1 мыңжылдықта Янцзы өзені алқабының оңтүстігінде өмір сүрген тайлардың ата-бабалары (сиюэ және лоюэ тайпалары) бірте-бірте оңтүстікке қарай жылжып, қазіргі мондар мен кхмерлердің ата-бабаларын Меконг, Хонгханың құнарлы аңғарларынан ығыстырып шығарды және оларды ішінара ассимиляциялады. Тайлар — лао ата-бабалары мен таулық тайлардың Үндіқытайға ілгері жылжуы біздің эрамызға дейінгі 3-1 ғасырлардан б.з. 1 мыңжылдықтың ортасына дейін болды. 1-2 мыңжылдықтардың тоғысында Үндіқытайға тай халықтарының жаңа толқыны қоныс аударды, оның негізін– қазіргі кхонтай мен шаньның ата-бабалары құрады. 14 ғасырдың басына қарай тайлар негізінен қазіргі тіршілік ету ортасының аумағын алып жатты.[5][6]
Негізгі кәсібі егіншілік (күріш, жүгері, көкөністер, техникалық дақылдар – мақта), мал шаруашылығы (сиыр, буйвол, жылқы, құс) және қолөнер – тоқымашылық, керамика, ұсталық дамыған.[7]
Отбасы шағын, моногамды. Тегі бір адамдардың некеге тұруына тыйым салынады. Діни өмірдің орталығы - монастырь, онда ұлдар міндетті түрде қатысуы керек.
Бай фольклор сақталған - эпикалық жырлар мен аңыздар (оның ішінде «Пава ханшайымы») сақталған. Тай күресі және 200 жылдан астам бұрын бай ән мен би фольклорының негізінде қалыптасқан тай халық театры өте танымал.
Дәстүрлі тұрғын үйлері - қаңқалы, қадалы, ағаш немесе бамбук, ортасында ошақ орналасқан. Төбесі көп қырлы, шөптен немесе плиткадан жасалған. Тұрғын үй қабатының еденінің астында ірі қара мен құс ұсталады.
Ерлер киімі – қысқа жеңі бар кең күрте, қысқа тар шалбар, сәлде, қыста аяқтарына орама және жүн шапан киеді. Әйелдер киімі - ұзын жеңі бар қысқа күрте, белбеулі және аяғының ұшына дейін ұзын қара белдемше (Сишуанбаннада), шалбар (Дехонда) киеді. Қыздар өрілген бұрымдарын гүл шоқтарымен сәндейді, білезік, сырға, күміс зергерлік бұйымдар тағады.
Негізгі тағамдары – күріш, көкөністер, ашытылған ет, балық. Ерекше деликатес болып ұлулар, қуырылған қоңыздар саналады.[7]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.