Су-мұнай жапсары (СМЖ) - қойнауқаттағы мұнай, газ (газ-конденсат) жатынының мұнайлы жиегін олармен жапсарласатын арынды қойнауқаттық сулардан шектейтін жазықтық. Су мен мұнай арасындағы бұл шекара айқын да дәл болмайды, себебі мұндағы су-мұнай жапсарында аралық белдем немесе қалыңдығы әртурлі өзара алмасу белдемі болады. Ол капиллярлік кетерілім биіктігіне, сулы-мұнайлы шөгінділердің жинауыштық қасиеттеріне, мұнай мен судың физикалық-химиялық параметрлеріне байланысты. СМЖ орны ұңғымадан сынама алу немесе мұнайдың, судың қойнауқаттық қысымдарын және олардың тығыздықтарын өлшеудің деректері бойынша есептеу жолымен анықталады, есептеу ұңғыма ернеуінен басталады.[1]
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.