From Wikipedia, the free encyclopedia
Стиенг — Оңтүстік-Шығыс Азияда Вьетнамның таулы аймақтарында, сондай-ақ Камбоджада тұратын халық.[1][2] Жалпы саны 85 мың адам. Вьетнамда 60 мың адам, Камбоджада 25 мың адам.[3] Негізгі субэтникалық топтары: було және будех.[4]
Стиенг | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
85 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Вьетнам |
60 000 |
Камбоджа |
25 000 |
Тілдері | |
стиенг тілі, вьетнам тілі | |
Діні | |
дәстүрлі сенімдер |
Стиенг тілі аустроазиат тілдердің мон-кхмер тармағына жатады (Бахнар тармағы). Вьетнам және кхмер тілдері кеңінен таралған.
Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.[5]
Негізгі кәсібі - қолмен атқарылатын егіншілік. Ең көп таралған ауыл шаруашылығы дақылдары – күріш, көкөніс, жүгері. Сонымен қатар терушілікпен, балық аулаумен аңшылықпен айналысады. Тұрмыстық қолөнер дамыған - тоқу, тоқымашылық, ұсталық, қыш бұйымдарын жасау т.б.[6]
Жаңа мекеннің құрылысына, сондай-ақ балалардың дүниеге келуіне және ата-бабаларына табынуға байланысты тыйым салу жүйесі бар. Ауылдық қауым – сайланған басшысы мен ақсақалдар кеңесі бар бір немесе бірнеше ұзын үйлерден тұратын ауыл. Отбасы шағын, патриархалдық. Негізгі мерекелер: Жаңа жыл және жаңа күріш мерекесі.
Екі типті тұрғын үйлері бар: қадалы және жер үсті, тікбұрышты, шатыры бар.[7]
Ерлер жамбасты жауып тұратын мата кесіндісі, әйелдер белдемше киеді. Көптеген білезіктер, алқалар, піл сүйегінен жасалған сырғалар кең таралған. Тістерді аралау және қаралау, татуировка жасау әдет-ғұрыптары сақталған.[8]
Дәстүрлі тағамдарға - күріш, көкөністер, балық және ет жатады, негізгі сусын - күріш сырасы.[9]
Фольклоры эпос, миф, этногенетикалық аңыздар, ертегілер арқылы бейнеленген.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.