From Wikipedia, the free encyclopedia
Стақан - қарапайым шыны ыдыс, формасы жағынан цилиндрге немесе тұтқасыз қысқартылған конуске ұқсайды. Ыстық және салқын сусындар үшін қолданылады.
"Достаканъ" сөзі ежелгі орыс сауаттылығында және Иван Калитаның рухани хартиясында кездеседі. Болжам бойынша бұл ыдыс түрік халқының ағаштан жасалған, "тостаған" ыдысымен тікелей байланысты. Заманауи қазақ тілінде "тостаған" сусын ішуге арналған шынаяқты білдіреді.
Формасы жағынан стақандар әртүрлі болып келеді. Олардың күрделірек формалары да кездеседі. Стақандардың бір бірінен айырмашылығы тұтқаларында. Сондай-ақ олар көпқырлы болып келеді. Стақанның биіктігінің диаметріне қатынасы шамамен 2:17, өлшемі бойынша адам алақанының өлшеміне жақын. Әдетте стақанның көлемі 200—250 см³. Тұрмыс бойынша, тегіс шетіне дейін құйылған қарапайым қырлы стақан 200 мл болып есептелінеді. Ежелгі орыс шамалары бойынша, сұйықтардың көлемі 12 стақан=1/4 шелек, яғни 3 литр, стақан көлемі 250 мл. Көбінесе стақандар шыныдан жасалған. Сонымен қатар стақандар пластмассадан, қағаздан, керамикадан және металдан әзірленеді. Стақандар мөлдір (шыныдан жасалған, пластмассалық) және мөлдір емес (қағаздан, пластмассадан жасалған), көп реттік қолдануға арналған және бір реттік қолдануға арналған болып бөлінеді. Стақанды жасауға пайдаланған материал оның ыстық сусынға жарамдылығын анықтайды. Тіпті, жеуге жарамды стақандар да кездеседі. Мысалы, балмұздақтар вафельден жасалған стақандарда сатылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.