From Wikipedia, the free encyclopedia
ЭҚС-қызбаның қайталанып, жалпы интоксикациямен өтетін, жедел антропонозды трасмиссивті инфекциялық ауру.
Боррелий ұзындығы 10-20 мкм, қалыңдығы 0,2-0,5мкм. Денесі иірілген, саны 5-10 Боррелий айналу, жиырылу қимылдарын жасай алады. Грамм теріс. Ромоновский-Гимзамен бояғанда көгілдір-күлгін түске боялады. Боррелий культуралары ауаның шектелген көзіндегі (қоректі ортада) ақуызы бар, өсіріледі. Соңғы жылдарда культура алу үшін тауық эмбрионы алынады, облигатты паразит, адам ағзасында, биттерде және басқа да жануарларда өмір сүреді. Ағзадан тыс цитратты қанда, 8-5 тәулік өмір сүреді. Сыртқы орта әсеріне өте тұрақсыз.
ЭҚС-антрапонозды трансмиссивті инфекция. Инфекция көзі болып тек, перифериялық қанында боррелий бар, қызбада жатқан адам табылады. Қызбалардың ортасындағы кезеңдер адамға қауіпті емес. Жасырын инфекция тасымалдаушылықта болуы ескеріледі. Арнайы боррелий тасымалдаушысы биттер болып табылады. Боррелие науқастың қанымен биттердің асқазанына түседі, онда бір тәуліктей ғана анықталады. Бір бөлігі сонда өледі, қалғандары, жәндіктің денесіне еніп, гемолимфада көбейеді. Инфекцирленгеннен кейін 5-6 күні боррелиллер гемолимфа мен лакунорлы қуыстарда толады. Ол жәндік денесінде өмір бойы сақталады. Адамға жұғу жолы: биттер шаққан жер қышу шақырады, ол жерді қасығанда терінің бүтіндігі бұзылады, жәндіктің аяқтары, кірпікшелері қалып қалу мүмкін. Жәндіктің зақымдалған жерінен гемолимфа шығады. Боррелер ұсақ жаралар арқылы еніп, жұғады. Аурудың максимальді эпидемия кезеңі қыс-көктем айларында. Әлеуметтік жағдай, нашар санитарлық жағдай, адамдардың топтасуы үлкен роль атқарады. Жекелеген ошақтары осы күнге дейін сақталған Азия, Африка және Америкада.
Ағзаға енген боррелилер мононуклеарлы фагоциттер жүйесінде интенсивті көбейеді, бірнеше сағаттан соң қанға түсіп, боррелиемия тудырады. Бір бөлігі қанда эндотоксин бөлу арқылы өледі де, тамырлардың өткізгіштік қасиетін бұзады. Көкбауыр мен бауырда геморрагиялық инфарктар және некроздар көрінеді. Орталық және вегетативті жүйке жүйесінің токсикалық зақымдалуы неврологиялық және менингиальды симптомдармен көрінеді. Ұстамалар кезіндегі тахикардия симпатикалық жүйке жүйесінің қозуымен шақырылады. Бірінші ұстама кезінде қанда антидене-аглютининдер, тромбоцитобариндер анықталады. Антиденелердің әсерімен боррелилерден агрегаттар түзіледі, тромбоциттермен жүктелген, олар ішкі мүшелердің капиллярларында тоқталып, фагоцитоз ұшырайды. Осымен ұстаманың аяқталуымен кризис шақырылады. Боррелилердің қалған бөлігі ОНЖ-да және күйік миында сақталғандар апирексия кезеңінде көбейіп, жаңа антигенді қасиетімен қайталама ұстама береді. Жаңа тұқым қанға түсе отырып келесі ұстама шақырады. Жаңа ұстама сайын боррелийдің бірнеше тұқымына арналған арнайы антиденелер бөлінеді, иммунитеттің жоғарлауы байқалады. Қоздырғышта алғашқы тұқымдарына қайта оралғанда ғана сауығу гуморальді-клеткалы қорғаныс әсерінен болады. Ұстаманың кезеңділігін және апирексияны қайталама сүзекте боррелилердің дамуындағы циклдікпен байланыстырады. Патологиялық өзгерістер көкбауырда, бауырда, сүйек миында айқын көрінеді. Көкбауыр 5-6 есе үлкейеді, 1500г салмағы болады. Капсуласы тығыздалған, онда жарылған жерлері және фиброзды жабындылар байқалады. Көкбауырдың пульпасы қанға толған, онда көптеген милиарлы некроздар, кейде инфаркт байқалады. Некроздар аймағында кейде боррелий байқалады. Бауыр үлкейген, оның паренхимасында некротикалық ошақтар көрінеді. Ұсақ некроздар ошағы сүйек миында да байқалады. Бүйректе паренхиматозды нефрит көрінісі болады, иірілген түтікшелердің эпителиальді жасушаларының зақымдалуымен өтеді. Жүрек бұлшық етінде дистрофиялық өзгерістер табылады. Миокардтың паренхимасында, жүйке түйіндерінде және эндокардта ұсақ зақымдалған ошақтар, некрозға дейін. Бас миында қан құйылу байқалады, периваскулярлы инфильтраттар, жүйке жасушаларының ісінуі, протоплазманың вакуолизациясы байқалады. Ең көп өзгерістер мидың бағанында және ми қыртысында болады. Клиникалық көрінісі: инкубациялық кезеңі 3 күннен 14 күнге дейін (орташа 7-8 күн). Клиникалық көрінісіне қызба ұстамасымен апирексия кезеңінің кезектесіп отыруы тән. Әдетте ауру жедел басталады, қысқа уақыт қалтырау 39-40С-қа дене қызуының көтерілуі қатты бас ауру және бұлшық еттердің ауруымен, ұйқысыздыққа әкеледі. Бұлшық еттердің ауруы, әсіресе балтыр аймағында айқын байқалады. Сондай-ақ, ауырсыну нервтер жолымен және буын аумағында болады. Тәбеті төмендейді. Лоқсу, құсу, іш өту болады. Тілі құрғақ, ақ немесе сарғыш жабындымен жабылған. Сол жақ қабырға астындағы тұйық ауырсыну, көкбауырдың үлкеюімен қатар бауыр да үлкейеді. Сарғаю дамиды. Бірінші ұстама, әдетте 5-8 күнге созылады. Кейін 7-14 күн қызбасыз кезең дамиды, содан кейін ұстамалар қызбасыз интервалмен алмасып отырады. Қызбалы ұстамалардың саны бесеуден аспайды. Әр келесі ұстама алдыңғысынан қысқа, ал апирексия кезеңі керісінше ұзақ. Ұстамаларды аяғына 4-6 сағатта дене температурасының критикалық төмендеуі көп мөлшерде тершеңдікпен өтеді. Қызбасыз кезеңде ауырсынулар бәсеңдейді, жалпы әлсіздік сақталады. Бірінші қызбалы ұстама кезінде температуралық қисық әрқашан тұрақты түрде, қайталама ұстамаларда ол тұрақты, ремиттеуші, дұрыс емес болуы мүмкін. Ұстама кезінде гиперемия бетте, коньюктивада байқалады, склера тамырларының иньекциясы ьолады. Қайталама сүзекке бөртпе тән емес, кейде розеола, петехиялар, үлкен дақты элементтер көрінеді. Ұстамалар соңына сарғаю склера мен терінің сарғаюы айқындалады. Салыстырмалы тахикардия, жүрек тондарының тұйықтығы, артериальді қысымның төмендеуі анықталады. Пульстің жилігі 140-150 рет минутына. Тыныс алу жүйесі патологиялық процеске екіншілік инфекциялы асқынуда жиі ұшырайды. Бронхиттер, пневмониялар, құрғақ плевриттер байқалады. Жүйке жүйесінің бұзылуы боррелилердің жүйке тініне торпизімдігімен байланысты және борремелердің өздерімен қос олардың өмірлік өнімдерімен де шақырылады. Ұстаманың өршіген кезінде бастың тұрақты ауыруы, бас айналу, миалгия, невралгия, сирек артралгия байқалады. Аурудың барлық кезеңінде анық ес сақталады. ЭҚС-тің менингеальді формасын сипаттаған және оның комплексті симптомдары (бас ауру, желке бұлшық еттерінің регидтілігі, Керниг, Брудзинский симптомдары, сіңір рефлекстерінің жоғарлауы) көрінеді. Цереброспинальді сұйықтық жоғары қысыммен ағады, онда ақуыз бен жасушалардың мөлшері жоғарлайды. Қанда лейкоцитоз, нейтрофилез, нейтрофильдердің солға ығысуы, анэозинофилия. Ұстамалар мен рецидивтердің созылуы нәтижесінде гипохромды анемия дамиды, ұстама кезінде тромбоциттер саны 1,5-109 /л төмендейді және апрексия кезінде жоғарлайды, ЭТЖ жоғарлаған. Зәрде ақуыздық, сілтіленген эритроциттер, лейкоциттер, гиалинді циндирлер жоғарлауы анықталады. Ұстама кезінде олигоурия салыстырмалы тығыздығының жоғарлауымен, ал кризистен соң-полиурия төмен салыстырмалы тығыздығымен болады. Клиникалық көрінісі бойынша өшірілген, жеңіл, орташа ауыр және ауыр, жеңіл түрлері болады.
Ең қауіпті асқынуы қанға толған көкбауырдың жарылуы. Жедел операциялық көмек қажеті бар. Асқынуларға тағы паратифобациллез жатады, ол 2 паратиф: сальмонелла инфекциясының қосылуымен жүреді. Іріңді микрофлоралы асқынуларға пневмония, плевриттер, көкбауырдың абсцесі, флегмонасы жатады. Көздің зақымдалуы, құлақтың, буындар мен шеміршектің зақымдалуы болады.
Бірінші ұстама кезінде клиникасына көңіл аудару керек. Қайталанған ұстамалар диагнозды жеңілдетеді. Жағындыларда және ұстама кезінде алған қанның үлкен тамшыларында боррелий анықталады, ол клиникалық диагнозды негіздейді. Боррелиді қанда анықтаудың бірнеше түрі бар;
Перифериялы қаннан боррелиді анықтау үшін, көктамырдан алынған қанды центрифугадан өткізіп, тұнбасынан үлкен тамшы препаратын жасайды, Романовский-Гимза бойынша бояп, микроскоппен қарайды. ЭҚС-тің диагностикасынгда комплемент байланыстыру реакциясы қолданылады. Боррелидер ошағында оларды спирохеталы қайталама сүзектен ажырату қажет. Осы кезде лабораторлы жануарларға биопробалар жүргізеді. Мысалы.: кенелі боррелиозбен теңіз шошқасы, ал спирохеталы қайталама сүзекпен ақ тышқандар және крысалар тез зақымдалады. ЭҚС безгектен, крупозды пневмониядан, лептоспироздан, бөртпелі сүзектен, кенелі боррелиозден ажыратады. Безгек кезінде апирексия кезеңі мен ұстама кезеңі заңды мінездеме береді, қанда плазмодиялар анықталады. ЭҚС-тің жедел басталуы крупозды пневмониямен жақындастырады, бірақ крупозды пневмонияда, өкпеде айқын өзгерістер, “тат түсті қақырық” рентгенологияда айқын зақымдалған ошақтар көрінеді. Лептоспироз көптеген симптомдармен ұқсас болған, тек қызба кезеңінің үзақтығы, бүйрек қызметінің өзгерістерімен, қанда лептоспирлер болуымен және арнайы иммунологиялық реакциялармен ерекшеленеді. Эпидемиялық бөртпе сүзекте 4-6 күні полиморфты розеолезді-петехиальді бөртпелер. Бульбарлы симптомдар, есінің бұлдырауы, қозу, сандырақ байцқалады. Типті сүзекті жағдай сирек кездеседі. Кенелі боррелиозбен салыстырудың нәтижелі лабораторлы көрсеткіш болып саналады.
Этиотропты ем: антибиотиктер: пенициллин, терациклин, левомицетин, эритромицин. Пенициллинді тәуліген 2000000УД: 5-6 күн қабылдау, ұстамаларды басып, рецидивті алады. Тетрациклин 0,2-0,4г күніне 4 рет 5-7 күн. Паратифобасциллез байқалса левомицетинді 0,5г немесе ампициллинді 0,5-0,75г күніне 4 рет қабылдау керек. Патогенетикалық емде: плазма, витаминдер, глюкоза, жүрек-тамыр препараттарын тағайындайды.
ЭҚС-пен ауырған науқастар немесе күдіктілер дереу госпитализацияға жатады. Эпидемия кезінде барлық науқастарды анықтау және қызбадағы науқастарды госпитализциялау. Науқастардың киімдеріне камералы дезинсекция жүргізіледі. Қатынаста болған адамдарды 25 күндей бақылауға алады. Қайталама сүзектің ошақтарындағы биттерге қарсы міндетті түрдегі санитарлы өңдеу жүргізіледі.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.