From Wikipedia, the free encyclopedia
Соқырішек немесе Соқыр ішек (лат.: Caecum, Coecum немесе Cecum) — бұл аппендикстің, іштің оң жақ төменгі бөлігінде тоқ ішекке жанаса жалғаса біткен ұзындығы саусақтай қалташаның қабынуынан пайда болатын ауру. Қабынған аппендикс жарылып, көк еттің тоқ ішек — талаурауына соқтыруы мүмкін.
Іш құрылысының (көк еттің) талаурауы — ішек қуысына қауіпті инфекция түсіретін қатты асқынған ауру. Ол аппендикстің немесе ішектің басқа бөлігінің жарылуынан пайда болады.
Сырқат адамды жөтелдіртіңіз де, жөтелдің ішті қатты ауыртып, не ауыртпайтынын бақылаңыз; Немесе баяу, бірақ іштің шаптан солға таман және сәл жоғарырақ бөлігін ауырғанша қаттырақ батырып басыңыз. Содан соң қолыңызды тез тартып алыңыз.
Егер де қолды жіберіп қалған кезде іштің оқыс қатты ауырғаны сезілсе, онда мұның соқырішек немесе талаурау болуы әбден ықтимал. Егер де осы қимылдан оқыс қатты ауырғандық белгісі сезілмесе, онда осы тәсілді оң жақ шаптың аумағына да қолданып көріңіз.
Егер аурудың соқырішек немесе талаурау екендігіне көз жеткізгендей болсаңыз онда:
Аппендицит кез келген жаста, көбінесе жас және орта жаста көрінеді; әйелдер ерлерге қарағанда жиі ауырады. Жіті аппендицит аурушаңдығы жылына 1000 адамға шаққанда 4-5 жағдайды құрайды. Құрсақ қуысы мүшелерінің жіті хирургиялық аурулары арасында жедел аппендицит 89,1% құрайды(1 орында). Жедел аппендицит-перитонит дамуының ең жиі себебі.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.