Славия, ас-Славия – 10 ғасырдағы араб авторларының (әл-Истахри, Ибн Хаукаль т. б.) жазбаларында кездесетін Русь облысының атауы. Ибн Хауальдың айтуынша, Славия «олардың ішіндегі ең жоғарғысы (бастысы), оны ас-Славия деп атаған, олардың патшасы Салау қаласында тұрған». Тарихшылар Славияны Ильмен облысының славяндарына ұқсатады да, Салау (Даңқ) қаласын Новгородпен немесе оның алдында болған қаламен байланысты деп жорамалдайды. Славия жөніндегі араб авторларының мәліметтері 9 ғасырдың екінші жартысындағы Новгородтағы князьдық туралы белгілі жылнамалармен салыстырылады. Ал бұл князьдықтың Новгород пен Киев князьдықтарын біріктіру нәтижесінде пайда болған Ежелгі орыс мемлекеттерінің алғашқыларының бірі екені белгілі. Кейбір ертедегі орта ғасырлық мәліметтерде полаб және балтық славяндарының мемлекеттік құрылымын, сондай-ақ Польшаны да «Славия» деп атайды. [1]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.