From Wikipedia, the free encyclopedia
Синапстер (көне грекше: σύναψις — қосу, қосылыс, байланыс) – қозғыш жасушалар арасындағы функционалдық байланыстар. Сигналдарды өткізеді және оларды өңдеп өзгертіп отырады. Синапстер нейрондардың бір-бірімен қатысына мүмкіндік туғызып, нерв жүесінің, ми қызметінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Синапстер пресинапстық (синапс ұшы), синапстық саңылау (екі клетканы бөліп тұрады), постсинапстық (хабар қабылдаушы клетка бөлігі) бөлімдерден тұрады. Нейронаралық Синапстер көбінесе бір жүйке клеткасының аксонының ұшы мен денесінен және екінші бір клетканың денесінен немесе дендритінен не аксонынан құрылады. Осы құрылысына қарай олар аксо-соматикалық, аксо-дендриттік, аксо-аксондық синапстердеп аталады. Кейбір клеткаларда өте көп (мыңдаған)жеке пресинапстық талшықтар аяқталса, екінші біреулерінде не бары бір-ақ синапс болады. Синапстер қоздырушы, тежеуші синапстер деп бөлінеді және бұл процесс химиялық және электірлік жағдайлар арқылы іске асады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.