From Wikipedia, the free encyclopedia
Сере-мунду (бака, мамбу, ндого, нгака)[1] — жалпы саны 570 мың адам болатын Орталық және Шығыс Африкадағы халық. Негізгі қоныстанған елдері: Конго Демократиялық Республикасы – 260 мың адам, Орталық Африка Республикасы – 110 мың адам, Судан – 100 мың адам.[2]
Сере-мунду | |
бака, мамбу, ндого, нгака | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
570 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Конго Демократиялық Республикасы |
260000 |
Орталық Африка Республикасы |
110000 |
Судан |
100000 |
Тілдері | |
сере, мунду тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі сенімдер |
Тілдері - сере, мунду тілдері, игер-кордофан отбасына жатады.[3]
Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.[4]
Негізгі дәстүрлі кәсібі -ауыспалы типтегі егіншілік (құмай, тары, жүгері, жержаңғақ, маниок, ямс, көкөністер және т.б.). Қолөнерден керамика, ағаш өңдеу, құазір өнеркәсіптік өндіріспен ығыстырылуда.[5]
Елді мекендері жерге дерлік жететін конустық төбелері бар дөңгелек үйшіктерден тұрады.
Дәстүрлі киімдері – жамбасты жауып тұратын белдік еуропалық киіммен алмастырылуда.
Музыкалық фольклор дамыған.[6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.