Сеноилар
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сеноилар – Малайзия мен Таиландта тұратын халықтар тобы (семай, тимиар, бесиси, т.б.).[1] Саны 40 мыңдай адам (1992).[2] Олар Малакка аралының Орталық үстіртінің орманды алқаптарын мекендейді. Антропология типтері, тілі мен мәдениетіндегі ерекшеліктер олардың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы монғол нәсіліне дейінгі байырғы тұрғындар тобына жататын аңғартады. Қазіргі сеноилар малайлықтармен араласып кеткен.[3][4][5]
Сеной тілдері аустроазиатикалық отбасының мон-кхмер тілдерінің асли (семанг-малакка) тобына жатады.[6]
Дінге сенушілер: дәстүрлі сенімдер, кейбірі сүнниттік мұсылмандар.[7]
Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (ең көне дақыл – тары, 18 ғ-дан бастап күріш, маниок, жүгері егісімен ауыстырыла бастады), аңшылық (мылтықпен) және терушілік. Кейбірі туристер үшін тауарлар шығарады.[8]
Сеноиларда аналық-рулық қатынастар ерекше дамыған.
Тұрғын үйлері - ұзын, қадаларда орналаксқан.
Киімдері ағаш қабығынан дайындалады. Татуировка жасау, денеге сурет салумен сипатталады.[8]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.