Remove ads

Сезінуматериалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін психикалық үрдіс.

Алдымызда тұрған бір затты, мысалы, үстелді көруіміздің арқасында біз оның түсін, пішінін, көлемін белгілейміз; сипап-сезіну аркылы оның қатты, тегіс екенін; қолымызбен қозгап көріп оның салмағын т.с.с. білеміз. Мұның бәрі - сол материалдық заттың жеке қасиеттері, олар туралы мәліметтерді бізге Сезіну хабарлайды. Барлық сезіну жүйке жүйесі арқылы өтетін сигналдарды қамтиды, бұл өз кезегінде сезім жүйесінің физикалық немесе химиялық тітіркенуінен туындайды.

Сезіну материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен касиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Сезіну - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдіс.

Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сезіну таным үрдістеріне жатады, өйткені адам соның арқасында дүниені таниды. Сезіну басқа психикалық үрдістерге — қабылдауға, еске, ойлауға, қиялға материал жеткізеді. Сезінудің табиғи физиологиялық негізі ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі - талдағыштар арқылы жүзеге асады. Мысалы, көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол жүйке талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады.

Адамда пайда болатын түйсіктерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа біздің денеміздің сыртқы жағында болатын сезім ағзаларының қозуынан туатын түйсіктер (экстроцепторлар - сыртқы қабылдаушы дегенді білдіреді) жатады. Бұл түйсіктер бізге сырт заттардың қасиеттерін бейнелейді. Бұған - көру, есту, иіскеу, дәм, тері және сипап-сезу түйсіктері жатады. Екінші топқа рецепторлары ішкі ағзалардағы сезім органдарының қозуынан туатын түйсіктер (интероцепторлар) кіреді. Органикалық түйсіктер (ашығу, шелдеу) дейтіндерді осыған жатқызуға болады. Үшінші топқа қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын козғалыс (немесе кинестетикалык) түйсіктері кіреді. Қозғалыс анализаторларының рецепторлары (проприоцепторлар) бұлшық еттерде және сіңірлерде болады.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.

Remove ads