From Wikipedia, the free encyclopedia
Саңғыру – Ұлытау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қола дәуірінде тас қоршаулардан тұрғызылған обалар, археология ескерткіші.
Жаңаарқа ауданы, Ақтау ауылынан шығысқа қарай 45 км, Саңғуыр шатқалында, Дарат шатқалынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан.
1955-58 жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Ә. Марғұлан) зерттеген. Саңғырудан 250 оба табылып, оның 15-і зерттелді. Мұнда қырынан қойылған жалпақ тастардан қоршау жасалынып, оның ішінен төрт бұрышты жер қазылып, қабырғалары таспен қаланған. Өлген адамды сонда жерлеген. Жанына қыштан оюлап жасаған құмыралар, әшекей бұйымдар қойылған. Олардың өрнегі бір-біріне және қазіргі қазақ халқының кілем, тұскиіздеріне салатын геометриялық өрнектерге ұқсас. Сондай-ақ Саңғырудан табылған заттар Қазақстанның шығыс, батыс, солтүстік облыстарының қола дәуіріндегі заттарына да ұқсас екені анықталды. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, Саңғыру жерін қола дәуірінің тайпалары біздің заманымыздан бұрын 11-10 ғасырларда мекендеген.[1] [2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.