From Wikipedia, the free encyclopedia
Сақтандырғыш — электр тізбектерін ток күшінің рұқсат етілген мөлшерден асып кетуінен қорғауға арналған тетік. Оның міндеті — электр тізбегіндегі ток күші өзіне рұқсат етілген шамадан тыс артып кетсе, электр тізбегін бірден ажыратып жіберу. Сақтандырғыш тізбекті ток көзінен арнайы жасалынған токөткерме бөліктерінің шамадан артық токтың жылулық әрекеті әсерінен балқып үзілуі арқылы ажыратады[1]. Сақтандырғыш электр тізбектерін асқын жүктелуден және қысқа тұйықталулардан қорғайды.
Сақтандырғыштардың кең таралған түрі — балқыма cақтандырғыш. Ол электр тогын өткізбейтін материалдан жасалған корпустан, металдан (көбінесе мыстан, мырыштан, қорғасыннан және олардың қорытпаларынан, күмістен) жасалған балқыма қыстырғыдан, түйіспелік және доғасөндіргіш құрылғыдан тұрады. Құрылысы бойынша айырғыш пен ажыратқыш аппараттар қызметтерін атқаратын сақтандырғыш-ажыратқыш аталатын коммутациялық аппараттар да қолданылады.
Балқыма cақтандырғыштар төмендегідей түрлерге бөлінеді:
Сақтандырғыштың құрылысы қарапайым, құны арзан, ол тізбекті қысқа тұйықталу кезінде жылдам ажыратады. Сонымен қатар, оның кейбір түрлерінің қысқа тұйықталу тогын шектеу қабілеті болады. Сондықтан, олар тұрмыстық, өнеркәсіптік электр қондырғыларында, электр тораптарында, электр станциялары мен қосалқы станцияларда кеңінен қолданылады.[2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.