Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сатуға салынатын салық (sales tax), сатылатын тауарлар мен қызметтерге салынатын салық жиынтығы. Өндіріске байланысты, ерекше тауарларды сатып алуға, сатуға немесе тұтынуға қойылатын салық, акцизді салық ретінде танымал. Дегенмен акцизді салықтар ерте дәуірден қолданылып келе жатса да, сатуға арналған жалпы салық - бұл салыстырмалы түрде алғанда кейін пайда болған жаңа түрі. Сату салықтары ad valorem («адвалерлі») (құнына сәйкес) салық болып табылады. Яғни салық мөлшері салық салынатын тауардың ақшалай құнына сәйкес қойылады.олар іскери белсенділігінің деңгейіне қарай жіктеледі, сол деңгейлеріне орай, яғни өндірілу деңгейіне сай көтерме немесе жекелей сату салықтары анықталады. АҚШ штаттары мен Канада провинцияларындағы бюджеттің маңызды бөлігі осы салықтың арқасында жиналады екен. Сатуға салынатын салықтың тағы бір нұсқасы – ҮСТЕМЕ ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ – Батыс Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Сатуға салынатын салықтың үлкен бөлігі тұтынушыға келеді, тіпті олар тауар өндірісіне немесе көтерме саудаға салынатын болса да, шығындардың бір бөлігі не болмаса барлығы жоғары баға түрінде тұтынушыдан алынады. Осыдан барып, сатуға салынатын салықты регрессивті налог деп санайды. Күнделікті өмірге қажетті азық-түлік, киім немесе дәрі-дәрмек сияқты тауарларға қойылатын салық алынып тасталады немесе өте төменгі төлем қойылады. Қараңыз: табыс салығы; ПРОГРЕССИВТІ САЛЫҚ.
Бұл мақаланың сәйкес санаты қойылмаған. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.