From Wikipedia, the free encyclopedia
Самоди халықтары немесе самоедтер самоди тілдерінде сөйлейтін : ненец, энец, нганасан, селькуп халықтарының және қазіргі таңда жойылған саян самодилар - қамастар, қайбалы, матор, тайгий, қарақас және сойот, осы халықтардың жалпы атауы.
Самоди халықтары Архангельск, Түмен, Томск облыстарын, Красноярск өлкесін мекендейді.
Тіл маманы Г.Н.Прокофьевтің ұсынысымен 1938 жылдан бастап Самоди халықтары деп аталды.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Самоди халықтарының ата мекені Алтай, Саян таулары болған. Самоди халықтарының құрамындағы қарақас, қамастар, қайбалы тайпалары тілі, әдет-ғұрпы, тұрпаты жағынан татарларға ұқсас болған, олардың бәрі (Томсктің сейкуптарынан басқасы) рулық қауымда көшпелі тіршілік етті.
Б.з. 1 мың жылдығында олар Солтүстікке қарай қоныс аударып, тілдері ұқсас жергілікті юкагир, саам халықтарымен араласқан.
19 ғасырдаң 2-ші жартысында Самоди халықтары 22 мың түтін.
1929-30 ж. Самоди халықтары мекендейтін Солтүстік облыстары мен өлкелерде Ненец, Ямал-Ненец, Таймыр (Долгано-Ненец) ұлт округтері құрылды.
Самоди тілдері - өзара туыстас тілдер тобы. Бұл топқа
тілдері кіреді. Бұлардың ішінде селькуп тіліне қарағанда, Самоди тілдерінің слтүстік-шығыс тармағын құрайтын ненец, энец, және нганасан тілдері сөздік қоры мен грамматикалық құрылысы жағынан бір-біріне жақынырақ.
Самоди тілдері жалғамалы тілдерінің қатарына жатады. Дыбыс алмасуы мен ассимиляция құбылысы жиі ұшырасады. Мұның грамматикалық формалар тудыруға қатысы бар. Есімдердің септелуі мен етістіктердің жіктелуі түбірдің соңғы дыбысына қарай ажыратылады. Самоди тілдері мен фин-угор тілдерінің лексикасында, ішінара грамматикалық құрылысында ортақ белгілер кездеседі.
Бүгінгі күні Ресейде негізгі цивилизация тілі - орыс тілі болып, самоди тілдері - "концертте өлең айтатын" тілі болып қалды. Кейбір жергілікті мектептерде самоди тілін аптасына 2 академиялық сағат сабақ беріледі. Бірақ көп зерттеушілердің пікірі бойынша, бұл уақыт тілді сақтап қалу үшін жеткіліксіз.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.