From Wikipedia, the free encyclopedia
Салих ибн Фаузан ибн Абдуллаһ әл-Фаузан (араб.: صالح ابن فوزان ابن عبد الله الفوزان) (1933) - әш-Шәмасия әулетінің әл-Фаузан отбасынан шыққан мұсылман ғалымы. Сауд Арабиясының Үлкен Ғалымдар кеңесінің, Ислам Зерттеулері мен Пәтуа берудің Тұрақты Комитетінің (әл-Ләджнә әд-Даима) мүшесі, Ислам тақырыбына арналған кітаптардың, жолдаулар мен пәтуалардың авторы. "Нур алә дарб" радиобағдарламасында сұрақтарға жауап берумен айналысып, Мутғиб ибн Абдуль-Азиз атындағы мешіттегі имам, хатыб және оқытушы қызметін атқарады.
Салих ибн Фаузан ибн Абдуллаһ әл-Фаузан | |
Туған күні |
28 қыркүйек 1933 (91 жас) |
---|---|
Туған жері |
Шәмасия, Сауд Арабиясы |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны |
Мутғиб ибн Абдуллаһ атындағы мешіт, Ислам зерттеулері мен Пәтуа беру Тұрақты Комитеті, Үлкен Ғалымдар кеңесі |
Ғылыми дәрежесі |
Шариғат ғалымы |
Альма-матер |
Эр-Рияд қаласындағы Мұхаммед ибн Сауд атындағы университет |
Ғылыми жетекші |
Шейх Ибн Баз, Мұхаммед Әмин әш-Шинқити, Әбдурраззақ әл-Афифи |
Несімен белгілі |
«Муләххас әл-фиқһи», «Китаб әт-таухид» кітаптары |
Сайты |
Шейх әкесінен жастайынан айырылып, отбасының басқа мүшелерімен тәрбиеленеді. Жергілікті мешіттің имамы Хамуд ибн Сүлеймен әт-Тәләлдан оқу мен жазуды үйреніп, Құранды толығымен жаттап бітіреді. 1948-ші жылы Шәмасия қаласында ашылған мемлекеттік мектепте оқиды. Сосын Файсалия медресесінде оқуын жалғастырып, оқуды аяқтағаннан кейін сонда мұғалім болып жұмыс істейді. 1952-ші жылы жаңадан ашылған Бурайда қаласындағы ғылыми институтқа оқуға түсіп, 1956-шы жылы бітіреді. Содан кейін Эр-Рияд қаласындағы Мұхаммед ибн Сауд атындағы Университеттің шариғат факультетіне оқуға түсіп, 1960-шы жылы оны тәмамдайды.
Оқуды аяқтағаннан кейін Эр-Риядтағы институтта мұғалім болып жұмыс істеп, содан кейін Шариғат факультетіне аударылады. Сосын Дін Негіздері (Усуль әд-дин) факультетіндегі Бас Ғылымдар Бөліміне ауысады. Одан кейін Жоғарғы Әділет Сотының басшысы болып тағайындалып, басшылық қызметі аяқталғаннан кейін сол жерде оқытушы қызметін атқарады. Аз уақыттан кейін Ислам зерттеулері мен Пәтуа беру Тұрақты Комитетінің мүшесі болып тағайындалады.[1][2]
Шейх әл-Фаузан көптеген атақты ғадымдардың алдында білім алды. Олардың ең атақтылары:
және т.б.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.