From Wikipedia, the free encyclopedia
Сазген — Қазақтың фольклорлы-этнографиялық халық аспаптары ансамблі. Республикалық халық музыка аспаптары музейі жанынан, профессор Болат Сарыбаев зерттеп, жаңғыртқан көне музыкалық аспаптар негізінде Қазақ ССР Мәдениет Министрінің орынбасары Өзбекәлі Жәнібековтың тапсырмасымен 1980-1981 жылдары құрылды. Музейдің директоры әрі ансамбльдің көркемдік жетекшісі Жарқын Шәкәрім домбыра мен дабыл, қобыз бен сыбызғыдан басқа Б.Сарыбаев жаңғыртқан жетіген, шертер, сазсырнай, үскірік, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау, үш ішекті домбыра тәрізді халқымыздың көне музыкалық аспаптарын алғаш рет ансамбльге пайдаланып қазақтың көне тамырлы түркі дүниесіндегі музыкалық үндестігін жаңғыртты. Ансамбль репертуарында халық күйлері «Кеңес», «Келіншек», «Арнау», «Маңғабыл», «Телқоңыр», «Сал күрең», халық композиторы Байжігіттің «Ерке атан», «Қайың сауған», «Азаттық», «Алмажай», «Көкбалақ», «Жұмағұл», «Қособа», «Арман» күйлері және «Қылышпан би», «Жезтырнақ», «Айда былпым», «Шалқыма» билері сонымен қатар «Дидаку», «Гүлдер-айым», «Шилі өзен», «Қуатым-ай», «Әй-әй бөпем» тәрізді халық әндері орын алды.
Республикалық халық музыка аспаптары музейі қызметкерлерінен құрылған «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ұлт аспаптар ансамблінің 1980 жылғы алғашқы мүшелері : Жарқын Шәкәрім (Музей директоры, ансамбльдің жетекшісі), Ерлан Қуандықов, Сәуле Боранбаева, Таласбек Әсемқұлов, Зәбира Жәкішева, Роза Кан, Қожахмет Мұсабеков, Күләнда Айтова, Ботагөз Құспанова, Оразғазы Бейсенбаев, Зүлфия Молдағаринова, Майра Ысқақова. Ансамбльдегі қазақтың көне музыкалық аспаптары, ежелден сақталған дәстүрімізге тән қоңыр үнділікті, фольклорлық музыкамыздағы көркемділікті, көрермен тыңдаушыларымызға алғаш рет паш етті.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.