From Wikipedia, the free encyclopedia
Сабырбай Ақтайлақұлы (1793, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Құндызды өңірі — 1880, Апатай қыстағы) — ақын. Әкесі Ақтайлақ елге танымал би болған. Сабырбай жастайынан өлең шығарып, серілік құрған, жиын-тойларда көптеген ақындармен айтысқaн. Сыбанның Түбек бастағaн 16 ақыны Жанақ ақынмен айтысып жеңілгенде, он жетінші бала ақын Сабырбай ғана жыр дүлдүлін тапқырлықпен ұтып кеткен. Бұл айтыс В.В. Радлов құрастырған “Образцы народной литературы тюркских племен” кітабының (1870) қазақ ауыз әдебиетіне арналған 3-томына енген, Ы.Алтынсариннің “Қырғыз хрестоматиясында” (1906), С.Сейфуллиннің “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” жинағында (1931) жарияланғaн. Сабырбай айтыста алдына жан салмаған, Байбала есімді ақын қыздан ғана тізе бүккен. Сабырбайдың Жанақпен, Байбаламен айтыстарын М.Әуезов жоғары бағалaған, “Абай жолы” эпопеясында Қадырбай ақынның прототипі ретінде Сабырбайды алған. Сабырбайдың өз әкесі Ақтайлақпен, Құнанбаймен, Қуандықпен сөз қағысулары да сақталған. Ақынның “Барақ сұлтанға”, “Үш қызыл”, “Жанақ ақын-ға”, “Шaһар-ау, өлемін бе, өлмеспін бе”, т.б. өлеңдері заманa шындығын бейнеледі. “Сыбан Сабырбай ақынның Солтабай төреге айтқан сөзі” “Таң журналындa” (1925, ғ1) басылса, айтыстары “Айтыс” (1965, 1-т.), “Қазақ халық әдебиеті” жинақтарында (1988, 9-т.) жарияланғaн.[1][2][3]
Сабырбай Ақтайлақұлы | |
---|---|
Дүниеге келгені: |
1793 Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы |
Қайтыс болғаны: | 1880 |
Мансабы: | ақын |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.