From Wikipedia, the free encyclopedia
Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Сабақ арнаулы бөлмелерде, оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен мектептің оқу тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі (45 мин) және оқу кестесі бойынша жүреді. Оқыту әдістері, ұжымдық және жеке-дара жұмыстар сабақтың негізгі белгілері болып табылады. Сабақтың негізгі міндеті — мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру. Мазмұны мен дидактикалық мақсатына орай сабақ мынандай түрлерге бөлінеді:
Ашық сабақ - басқа мұғалімдер мен шақырылған адамдар қатысатын сабақ. Ашық сабақты оқу тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді амалдарын көрсету және тарату мақсатымен, әдістемеде қиын және жеткіліксіз өңделген оқу бағдарламасының тақырыбы бойынша білікті мұғалімдер өткізеді.
Қорытынды сабақ - өткен тақырып немесе оқу пәнінің тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу және бекіту мақсатымен жүргізілетін сабақ. Мұндай сабақ, әсіресе, қорытынды қайталау кезеңінде қажет, сонымен қатар емтиханға дайындау кезінде қажет. Қорытынды сабақтың келесі құрылысы бар: мұғалімнің сабақтың тақырыбы мен мақсаттары туралы қысқаша кіріспе сөзі, өткен материалды қайталау, мұғалімнің қорытындысы. сабақта қойылатын сұрақтарды алдын ала хабарлау керек. Қорытынды сабақ, ең бастысы, әңгімелеу түрінде өткізіледі.[2]
Сабақтың жабдықталуы - оқу құралдарының, дидактикалық материалдардың, аппаратураның, реактивтің және б. сабақтың тақырыбына үйлесетін және көрсетуге қажетті немесе оқушылардың өздік жұмыстарына іріктелуі және дайын күйге келтірілуі.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.