From Wikipedia, the free encyclopedia
Рубин - латынша rubens, rubinus - қызыл деген мағынаны білдіреді. Al2O3 минералы, корунд сыныбына жатады. Қаттылығы - Моос шкаласы бойынша - 9, тығыздығы 3, 97 - 4,05 г/см аралығында. Қызыл шпинелден кристаллдарының формасына қарап айырамыз, кейбір жағдайларда микроскоп арқылы ғана айырып білуге болады. Қызыл түске ие болуының себебі - құрамында хромның қоспасы бар. Қызыл корундтар - рубин(лағыл) деп аталса, көктері - сапфирлер делінеді. Ашық боялған сапфирлар мен түссiз корундтарды "лейкосапфирлер" деп аталады. Астеризм эффектісі анық байқалатын "жұлдызша сапфирлері" кабошон түрінде өңделеді.
Мына мақаланы не бөлімін Лағыл дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Антарктидадан басқа барлық континенттерде кездеседi. Негізінен азиялық лағылдар ерекше бағаланады.
Лағылдарды басты экспорттаушы елдер - Мьянма, Таиланд және Шри-ланка. Сонымен қатар Шығыс Африкасының лағылдары, Кения және Танзания елдерінің лағылдары жлғары сұранысқа ие. Жалпы лағыл тастар ежелгi замандарда-ақ Памирда өндіріле бастаған (Тажiкстанындағы "Қарлы" кен орнында).
Лағылдардың сапа көрсеткiштерiнiң анықтауды № III 1991 жылғы прейскурсантқа сәйкес жүргізеді. (Ресей Федерациясында)
Қырлы лағылдардың ақаулылық топтары келесiдей:
Лағылдардың түсiнiң топтары:
Түс бойынша лағылдардың классификациясы
Әдiстеме ресми түрде мойындалған.
Лағылдар қола ғасырында Бирмада өндірілген деп есептелінеді. 2000 жыл бұрын Индияда да бағаланып, бойтұмар ретінде қолданылды. Сонымен қатар Ежелгi мысырлықтар, гректер және римдiктер лағылдарды пайдаланды.
Еуропада 1800 жылда сапфирдың лағылға құрамдық туысқандығы белгілі болды. 1835 жасанды лағылдарды жасап шығарудың амалы табылған.
Қара лағыл ол кезде анар лағылы деп аталды.
Лағылдар ертеректе "өмiр және махаббаттар тасы" деп есептелінді. Мұндай тасқа иелiк еткен адам ерекше қадір-қасиетке ие болған. Лағылдармен оба секілді түрлі аурулардан қорғануға тырысқан. Лағыл тастар астрологияда мерегендердің, шаяндардың және ешкiмүйiз(козерог), қошқар(овен), арыстандардың тасы болып есептелінеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.