From Wikipedia, the free encyclopedia
Роза Қажығалымқызы Мұқанова — 1964 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Көлденең ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін тамамдады. 1987 жылы Орталық мемлекеттік мұрағаттың "Әдебиет және өнер" бөлімінде қызмет жасады. 1989 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Аударма коллегиясында аға редактор, "Жазушы" баспасында аға редактор. 1998-2007 жж. − ҚР Мәдениет, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде бас маман, Астана қ., ҚР Парламент Сенатында жауапты қызметкер (2007ж-2011ж), Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры (2011ж).
«Жарық дүние» әңгімелер жинағы, «Жалын» баспасы, 1994 ж.,
1997 жыл «Дүние кезек» әңгімелер жинағы, «Жазушы» баспасы,
«Құдірет кие» әңгімелер мен хикаяттары жинағы, «Сөздік-словарь баспасы», 2011ж.,
«Муза» әңгімелер мен драмалық шығармалар жинағы, «Жазушы» баспасы, 2004 ж.,
І, ІІ томдық шығармалар жинағы «Қазығұрт» баспасы 2008 ж.,
«Шатыр астындағы Мен» таңдамалы әңгімелер жинағы «Жазушы» баспасы, 2008 ж.,
ІІ томдық шығармалар жинағы, «Арда» баспасы, 2014 ж.,
«Сарра» драмалық шығармалар жинағы «Фолиант» баспасы, 2019 ж.,
«Бопай» драмалық шығармалар жинағы «Фолиант» 2022 ж.,
Рабғүзи «Қисса-сүләнбия» кітабын алғаш рет қазақ тіліне тәржімалады «Санат» баспасы 2001 ж.
1996 жылы Қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында «Мәңгілік бала бейне» пьесасы қойылды.
1997 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында М. Әуезовтің «Қаралы сұлу» әңгімесінің желісінде драмалық қойылымы сахналанды.
2016 жылы «Сарра» драмасы Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы академиялық театрында сахналанды.
2018 жылы «Ешкім де кінәлі емес» пьесасы С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрында сахналанды.
2019 жылы «Фариза» спектаклі. «Современник» театры Москва.
2019 жылы «Фариза» спектаклі Астана, Алматы, Түркістан театрларында премьерасы өтті.
2021 жылы «Бопай ханым» драмасы Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы академиялық театрында сахналанды.
2001 жылы «Қыз жылаған» («Молитва Лейлы») әңгімесінің желісімен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы (реж. Сатыбалды Нарымбетов)
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2020 ж),
ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2012 ж),
«Құрмет» орденінің иегері (2023 ж),
Франц Кафка атындағы халықаралық медалінің иегері (2012 ж),
Ресей Парламентінің ТМД аралық Мемлекеттер Достастығының өнер мен мәдениетке сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен наградталды (2016 ж),
Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты (1988 ж),
Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (1994 ж),
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2000 ж),
«Мәңгілік бала бейне» спектаклі үшін Республикалық «Наурыз» театр фестивалінің «Үздік драматург» номинациясының жеңімпазы, (1997 ж),
«Мысықтар патшалығы» пьесасы үшін «Самсунг» компаниясының «Қазіргі заман драматургиясы» жүлдесінің иегері, (2004 ж),
«Шатыр астындағы – Мен» пьесасы үшін Мемлекеттік Грант жүлдесінің иегері, (2008 ж),
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық форумда «Үздік драматург» номинациясының иегері болды.
«Сарра» спектаклі үшін «Үздік драматург» номинациясының жеңімпазы, (2016 ж),
Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауының драматургия жанры бойынша жеңімпазы, («Ешкім де кінәлі емес» драма-абсурды үшін), (2018 ж),
«Алтын Барыс» төсбелгісінің иегері (2019 ж),
«Сахнагер» ұлттық жүлдесінің «Үздік драматург-2019» номинациясы бойынша жеңімпазы, («Фариза» спектаклі үшін),
«Бопай ханым» қойылымы – «Жыл спектаклі (мемлекеттік театрлар)» номинациясын иеленді (2022 ж).
«Бопай ханым» спектаклі үшін Ахмет Иассауи атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.