Remove ads

Рио-Гранде (Rіo Grande), Рио-Браво-дель-НортеСолтүстік Американың оңтүстік-батысындағы, АҚШ пен Мексика жеріндегі өзен. Ұзындығы 2880 километр, су жиналатын алабының аумағы 570 мың км².

Thumb
Рио-Гранде Мексикадан жоғарыда - панорама

Сеңгір (Жартасты) таулар жүйесіндегі Сан-Хуан тауынан басталып, қуаң үстірт, ішінара енсіз каньондар арқылы ағып, Мексика шығанағына құяды. Өзен Эль-Пасо қ-нан сағасына дейін АҚШ пен Мексика аралығындағы мемлекеттік шекара бойымен өтеді.

Су деңгейі қыркүйек — қараша айларында көтеріліп, қуаң жылдары өзеннің кейбір телімдері құрғап қалады. Орташа су ағымы 570 м3/с. АҚШ пен Мексика мемлекеттері арасындағы келісім-шарт бойынша Рио-Гранде суын (энергия өндіру, жер суару) пайдалану үшін ірі бөгендер салынған.

Өзен жағалауында Эль-Пасо, Ларедо, Альбукерке (АҚШ), Сьюдад-Хуарес, Нуэво-Ларедо (Мексика) қалалары орналасқан.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.

Remove ads