Рейнгольд Морицевич Глиэр (туған кездегі аты — Рейнгольд Эрнест Глиэр; 1874 — 1956) — кеңес композиторы, дирижёр, педагог, музыкалық-қоғам қайраткері. КСРО-ның халық әртісі (1938). Бірінше деңгейдегі үш Сталин сыйлықтарының лауреаты (1946, 1948, 1950). Санкт-Петербург әнұранының музыкасының авторы.
Өмірбаяны
Р. М.Глиэр 1874 жылдың 30 желтоқсанында (1875 жылдың 11 қаңтарында) Киевте туған. Киевке немістің Клингенталь қаласынан көшіп келген аспаптар өндіруші шебердің отбасында дүниеге келген. 1894 жылы Глиэр Киев музыкалық училищесін скрипка классы бойынша аяқтап, Мәскеу консерваториясына Н. Н. Соколовскийдің скрипка классына оқуға түседі. (кейін Я. В. Гржималидің классына ауысқан). 1897 жылдың 29 сәуірінде [11 мамырында] Глиэр Ресей бодандығын қабылдады. 1900 жылы Мәскеу консерваториясын аяқтап, 1906—1908 жылдары Германияда дирижерлеу бойынша Оскар Фридтен сабақ алып отырды. Ресейге оралған кезінде дирижер ретінде өзінің шығармаларын орындап, концерттер қоя бастады. 1900-ші жылдардың басында Петербургтегі Беляевск ұйымының жиналыстарына қатысты. 1901 жылдан бастап ол музыкалықо-теориялық пәндерден Гнесиных атындағы Мәскеу музыкалық мектебінде сабақ берді (оқушыларының ішінде Г. Н. Я. Мясковский және С. С. Прокофьевтер бар). Как композитор Р. М. Глиэрдың тұлға ретінде қалыптасуы А. К. Глазунов, С. В. Рахманинов, Н. А. Римский-Корсаков сияқты тұлғалардың ықпалынан болды. 1900 жылдан бастап педагог қызметін атқарды. 1913 жылдың 10 [23] қаңтарында басшылық сенат Глиэрге жеке құрметті азамат лауазымын берді.
Глиэрлердің тұқымы төмен тереңдікте жатыр. Глиэр аты Чехия және Франция, Германия, Польша мемлекеттерінің мәдениет тарихында кездеседі. Мәскеудегі Новодевичье зиратында жерленген. (№ 3 аймақ). Оның ескерткішін М. К. Аникушин скульпторы жасады. Р.Глиэрдің белгілі графикалық және кескіндемелік, скульптуралық портреттері, түрлі уақыттарда М. К. Аникушинмен өңделген (1954).
Аты мен тегінің мәні
Профессор Елена Фабиановна Гнесина естеліктері бойынша: "Бір ретте Рахманинов менімен Глиэр туралы сөйлескен кезінде айтқан: «Глиэрге оның аты сәтті жарасады: Рейнгольд — себебі ол шынымен де таза алтын адам». Этимологиялық жағынан Рейнгольд аты Рагинальд формасынан шыққан, оның мағынасы екі ежелгі неміс тамырлары *ragin/regin — «кеңес, шешім» және *walt(an) — «басшылық ету, билік ету» құралған, бірақ қазіргі жазбалар бойынша rein — «таза» және Gold — «алтын». Франк-провансаль (арпитандық) тілінде glière «тастық-құмдық үстірт» немесе «өзеннің құмды жағалауы» деген мағынаны білдіреді.
Глиэр атындағы көшелер мен мекемелер
Р. М. Глиэрдің аты берілген: • Киев музыкалық училищесі (Киев/Украина),
• Балалардың музыкалық мектептері (Мәскеу, Калининград/Ресей, Ташкент/Өзбекстан, Маркнойкирхен/Германия, Алматы/Қазақстан),
• Ауылдардағы көшелер: Загорянский/Щёлковск районы/Мәскеу облысы, Магнитогорск/Челябинск облысы, Луцк/Волынск облысы/Украина, Донецк/Донецк облысы/Украина, Киев/Украина.
Негізгі жетістіктері
Сыйлықтары • 1905 —Бірінші секстеті үшін М.И.Глинка атындағы сыйлық (Глазунов, Лядов, Балакиревтердің кеңесімен ұсынылды)
• 1912 — «Сирена» симфониялық поэмасы үшін М.И.Глинка атындағы сыйлық
• 1914 — Үшінші симфониясы үшін М.И.Глинка атындағы сыйлық («Илья Муромец»)
• 1937 – «Гюльсара» музыкалық драмасы үшін Қызыл Белгілі еңбек Ордені
Дереккөздер
• Глиэр Р. М. Статьи. Воспоминания. Материалы, т. 1, 2. — М.: 1965, 1967.
• Глиэр Р. М. Статьи и воспоминания. — М.: 1975.
• Бугославский С. Рейнгольд Морицевич Глиэр, 2-е изд., 1930.
• Соллертинский И. «Красный мак». — М.: 1930.
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.