From Wikipedia, the free encyclopedia
Раушангүл тұқымдасы (Rosaceae) — қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір немесе екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Раушангүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, қосалқы жапырақшалары болады. Гүлі қос жынысты, кейде дара жынысты, жеке-жеке не топтанып орналасқан. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүлқоршауы көбіне екі қатарлы. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер жел және жәндіктер арқылы тозаңданады. Жемісі — көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма, тұқымы эндоспермсіз (кейбір өсімдіктің тұқымы мен жемісінде болатын, ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа болмайды). Раушангүл тұқымдасының көбі пайдалы өсімдіктер: жеміс беретін ағаштар (алма, алмұрт, айва, шие, өрік, шабдалы, т.б.); жидек (таңқурай, қойбүлдірген, сиыр бүлдірген, қарақат, т.б.), әсемдік түрлері (раушангүл, шетен, тобылғы, долана, т.б.) және дәрілік түрлері (итмұрын, түзу қазтабан, бүршікгүл, т.б.). Жемісі тамаққа пайдаланылады, құнарлы мал азығы, гүлінен ара бал жинайды. Қазақстан ғылым академиясының Бас ботаник. бағында 1957 — 84 ж. аралығында Раушангүл тұқымдасының әсемдік түрі — раушан гүлінің 16 сорты шығарылған. Ең бастылары: “Қазақстандық мерекелік” (биікт. 130 см-дей, гүлі қызыл түсті); “Алматыдан сәлем” (биікт. 130 см-дей, гүлі қызғылт түсті); “Алматы хош иістісі” (биікт. 190 см-дей, гүлі қызғылт түсті, хош иісті); “Қызжібек” (биікт. 110 см, гүлі қызыл күрең түсті); “Аққу” (биікт. 250 см-дей, гүлі ақ түсті); “Гүлсұлу” (биікт. 190 см-дей, гүлі қызыл күрең түсті, қыста үсімейді), т.б.[1]
Раушангүлділер | ||||||||
Ғылыми топтастырылуы | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Домен |
[[Эукариоттар]] | |||||||
Патшалық | ||||||||
Бөлім |
[[Жабық тұқымдылар]] | |||||||
Класс |
[[Қос жарнақтылар]] | |||||||
Халықаралық ғылыми атауы | ||||||||
Rosales Perleb | ||||||||
Тұқымдас | ||||||||
| ||||||||
{{{ХТҚО статусы}}}
| ||||||||
|
Ғаламшарымызда раушангүлділердің 3000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Республикамызда олардың 35 түрі өседі: мойыл, шетен, алмұрт, алма ағаштар және т. б. Раушан, итмұрын - бұталы өсімдіктер. Шыршай, теңгежапырақ, қойбүлдірген- көпжылдық шөптекті өсімдіктер.
Қарабүлдірген, итмұрын, долана, раушанның сабақтарында тікенектері болады. Тікенексіз түрлері де өте көп.
Раушангүлділердің жапырақтары барлығында бірдей емес. Жай жапырақтылары: алма, алмұрт, долана, шие, өрік және т. б. ағаштарында болады. Күрделі жапырақтар (үшқұлақты) бүлдірген, құлпынай, таңқурай; қауырсын тәрізді күрделі: итмұрын, шетен, қараған; саусақ салалы күрделі: жатаған қазтабан және т. б. кездеседі.
Раушангүлділер - ағаш, бұта, көпжылдық шөптекті, гүлдері қосжынысты, қосжарнақты өсімдіктер тобы. Бұлардың сирек те болса дара жыныстылары (біржыныстылары) кездеседі. Раушангүлділердің дентинніңгүлшоғырлары алуан түрлі. Гүлсеріктері қосқабатты, 5 тостағанша жапырақшадан және 5 күлтеден тұрады. Олардың 4 тостағанша жапырақшалары да (түзу қазтабан) бар. Аталықтары өте көп, кей түрінде (теңгежапырақ) 4-8-9, ұзынды-қысқалы болып шеңберлене орналасады. Аналықтары біреу (шие, шабдалы) немесе өте көп (таңқурай, бүлдірген) болады. Оларды ұзын тұмсықты бунақденелілер тозаңдандырады. Ал жемістері құстар, жарқанаттар және су арқылы таралады.
Раушан гүлдер Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінде өседі. Раушангүлдердің көп түрлері Азияда өседі, оларды Солтүстік Америкада, Еуропада және Африканың солтүстік-батысында кездестіруге болады.
Аталық мүше:
1. Аталық-гүлдің аталық мүшесі. Өсімдіктің бұл бөлігі тозаң өндіреді.
2. Тозаңқап- бұл бөлікте тозаң жинақталады.
3. Аталық жіпше- шаш қылшығына ұқсайтын жіңішке талшық.
Аналық мүше:
1. Аналық-гүлдің аналық мүшесі
2. Мойынша-тозаңдық дәндер түсіп, ұрықтанады.
3. Бағанша- мойынша орналасқан ұзын сабақ.
4. Түйін- гүлдің бұл бөлігінде тұқымдар мен тұқымбүршік болады.
5. Тұқымбүршік- түйіннің тұқымға айналатын бөлігі.
Раушангүлдер көп мақсаттарда қолданылады:
1. Раушангүлдің суы теріні ылғандандыру мен жұмсартуда,сондай-ақ терінің тітіркенуінде қолданылады.
2. Раушангүл суы көз ауырғанда оны жуу үшін қолданылады.
3. Ароматерапияда қолданылатын раушангүл суы денсаулыққа пайдалы
4. Итмұрын жемістерінен табиғи дәмі бар шай әзірлеуге болады
5. Итмұрын жемістері С, А, В3, Д және Е дәрумендерінің көзі болып табылады.
Раушангүлділердің жемістері де алуан түрлі. Құрғақ жемісті (шыршай, теңгежапырақ), шырынды жемісті (алма, шие) және т. б. Мойылдың, шиенің жемістері - сүйекті-шырынды. Таңқурай жемісі көпсүйекті болып келеді. Мұндай жеміс гүлтабанға бірігіп өскен қарама сүйекті ұсақ жемісшелерден түзіледі. Құлпынай мен итмұрын жемістері қарама (көп)жаңғақшалы құрғақ жеміске жатады, тек гүлтабандары ғана шырынды болады. Тұқымдарында эндосперм болмайды, кей түрінде эндоспермнің қалдығы байқалады. Итмұрын гүлінің формуласы - Т(5)К5А6Ж6. Жабайы алхоры (терн) гүлінің формуласы: Т(5)К5А20Ж1. Раушангүлділердің жабайы (тікенгүл, итмұрын, шетен) және мәдени түрлері де (алмұрт, шие) бар. Алма, шабдалы, өрік, беже ағаштары өздеріңе де таныс болар. Аула сәнін келтіретін раушан - нағыз сәндік гүл.
Раушан - жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме. Итмұрын гүлінде аталықтар өте көп екенін байқаған боларсыңдар. Олардың саны 100-ге жетеді екен. Адамның ерінбей еңбектенуі нәтижесінде соншама аталықтар күлтеге айналдырылды. Сөйтіп бұйраланған раушан гүлі пайда болды. Қазіргі деректер бойынша раушанның 25000 іріктемесі шығарылыпты. Раушан гүлінің күлтесінен май алынатынын естіген боларсыңдар. Раушан майы - өте бағалы май, хош иісті заттар алуға пайдаланылады.
Раушангүлді және бұршақ тұқымдастар қосжарнақты өсімдіктер класына жатады. Раушангүлді өсімдіктердің ағаш, бұта, көпжылдық шөптекті, гүл шоғыры алуан түрлі болып келеді. Алайда бұлардың гүл құрылысы ұқсас. Жемісі - шырынды, құрғақ. Бунақденелілер тозаңдандырады. Жемісі құстар, жарғанаттар және су арқылы таралады. Раушангүлділер тағам, дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Мысалы, бадамнан бағалы дәрі-дәрмек дайындалады, шие шайыры халықтық медицинада тері бөртпелерін емдеуге қолданылады. Бұршақ тұқымдастар тамыр түтікшелері арқылы бос азотты сіңіріп, тамыр түйнектерін түзеді. Гүл құрылысында ерекшелік бар. Гүл бөліктері «желкен, ескек, қайықша» деп аталады. Жемісі - бұршаққап. Құрамында нәруыз көп болады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.